Қазақ күресінің Азия чемпионатында моңғолдар жеңісті бермеуі мүмкін
Тамыздың 16-17 күні Моңғолияда Азия чемпионатын өткізілетін болады. Бүгінгі таңда чемпионатқа дайындықтың белсенді кезеңі жүріп жатыр. Федерациялардан өтінімдер қабылданып, әдеттегіше салмағы, сәйкестігі деген параментрлермен таңдау жүргізіліп, ұйымдастыру мәселелері шешілуде.
Азия чемпионатына барлығы 100-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Қазіргі күннің өзінде Қытай, Жапония, Үндістан, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғыстан және тағы басқа мемлекет палуандары белдесуге ниет білдірді.
«Қазақ күресінен Азия чемпионатында моңғол палуандары ешкімге дес бермеуі мүмкін»,– дейді Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының бас кеңесшісі Ұлан Рысқұл.
«Өйткені, еліміздегі чемпионаттарға белсенді қатысып жүрген Серік Бердімұрат (110 келі салмақта), Сұғыр Жарғал (190 келі салмақта) сынды моңғол палуандары өте мықты. Ұлттық күресіміздің ережелерін жете меңгерген, техникасы жағынан да жақсы. Түйе палуандар белдесуінде осы екі азаматтың біреуі жеңісті қанжығасына байлайды деп ойлаймын», - деп ол өз болжамымен бөлісті.
Қазақстанның абыройын Сейтен Айбат, Ахметбеков Бекзат, Қуанбай Нариман атты палуандар қорғайтын болады.
Айта кету керек, жуырда ғана Польшаның Вроцлав қаласында қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтті. Еуропа чемпионатына Албания, Армения, Әзербайжан, Австрия, Беларусь, Болгария, Кипр, Эстония, Грузия, Грекия, Исландия, Израиль, Италия, Латвия, Литва, Молдова, Норвегия, Польша, Румыния, Ресей, Сербия, Словения, Испания, Украина секілді 24 елден 113 палуан қатысты. Еуропа чемпионатында алғаш рет Ирландия, Италия, Испания ұлттық құрамалары өнер көрсетті.
Жалпы, Халықаралық қазақ күресі федерациясы – ұлттық спорт түрін әлемдік деңгейде дамытып, халықаралық серіктестер мен спортшылардың басын біріктіріп жүрген бірлестік. Халықаралық Федерацияның құрылғанына аз болса да, осы уақыт аралығында ауқымды шаралар мен нәтижелі жұмыстар атқарылды. Оның үстіне, әлем бойынша да ұлттық спортымызға қызығушылық танытқандар саны күн санап артуда.
Үстіміздегі жылы қазақ күресінен халықаралық федерацияның құрылғанына 2 жыл толды. Осы күні федерация әлем бойынша өз одақтастарын жинай алатын, шетелде ұлттық күрестен беделді турнирлерді өткізетін жалғыз спорт федерациясы атанған. Федерация құрамына 29 шет ел және екі халықаралық спорт ұйымдары кірді. Жақын арада тағы 10 шетелдік мемлекет қосылады деген сенім бар.
Еуропа және Әлем чемпионаттарын сәтті ұйымдастырғаннан кейін, Халықаралық федерация жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қазақ күресін қосуға ынталы.

Халықаралық Qazaq kuresi баспасөз орталығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?