Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» 12-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

 Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» 12-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» 12-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• үзінділерді өңдеу тәсілін меңгереді;
• креативті жазба жұмысын орындайды.
Сабақ барысы:
1.Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
2. Ойқозғау.
Табиғи жер серігі Ай туралы бейнематериалмен танысады (3 мин.)
Тақырыпқа қатысты қосымша сұрақтар қойылады:
- Айдың тіршілікке әсері туралы не білесіңдер?
- Жердегі тіршілік үшін неліктен Ай маңызды?
3. 1-тапсырма.
Т. «Тоғыз бриллиант» әдісі бойынша мәтін үзінділері жазылған кеспе қағаздарды оқып, оларды маңыздылық деңгейіне сай орналастырады. Ең маңызды үзіндіні басына, қалғанын рет-ретімен қояды және неге олай қойғандарын түсіндіреді.
1-үзінді. ...«Жоқ, жоқ. Терең сайда отыратынымды ешкімге, ешбір жанға айтпаймын. Мен Аймен кездесуге, сонымен сырласуға барамын. Жарық Айдан басқа жанымды түсінер жан таппаған соң терең сайға жүгіремін. Ол сәтте, мені іздемеңдер, менен сұрамаңдар, мені көрмеңдер!»
2-үзінді. - Ертең де қайта оралшы. Ертең де терең сайда кездесейік. Мен сені сонда күтемін. Терең сайдан күтемін, жарық Ай! Ең соңғы сөздерді айтқанда иегі кемсеңдеп, жүрегі құрғыр алай-дүлей соғып, езіліп кетті.
3-үзінді. Ләйлә мұны да сезетін. Түн ішінде жарқырап, толықсып шығатын мылқау Айды есіне алып, терең сайға қарай жүгіре жөнелгісі келетіні де сондықтан.
4-үзінді. Терең сайға түскен Ай сәулесі бұрынғысынан да жап-жарық. Жер бетін кезіп, жылжыған қалпы Ләйлә-қызды іздеп жүр. Қарауылдың суынан да, жерінен де, тауынан да сұрап беу-беулеп іздеу салады.
5-үзінді. Сонда ғана, сонда ғана әлгі бір мейірімі мол, жап-жарық Айды іздеген. Соған қарай ентелеп ұшып, тобылғысы сірескен терең сайға беттеген. Ләйлә-қыз көкке қадалып, жас іркілген жанарымен жалаңаш Айды аймалап, иегін көтеріп, ғарыштағы жарық Айға бетін тосты.
6-үзінді. Қарауылдың тұрғындары сол күні қақ айырылып, үңірейіп жатқан жерді көрді. Тартылған су мен тұтылған Айды көрді.
7-үзінді. Әдеттегідей ел көзінен жасырынып келген Ләйлә-қыз терең сайға жетіп, жарық Аймен кездескен. Ұзақ үнсіздіктен кейін, балалық бар арман тілегін, Құмарға деген қыз сезімінің бой көтергенін, жасырмай ағынан жарылып түнгі сай ішінде жалғыз өзі күбір-күбір еткен. Сонда Ай жарықтық қыз сезімінің тіршілігіне сүйсініп, дірілдеп, жылап тұрғандай көрінген.
8-үзінді. Төсек тартып жатқан қыз бетіне Ай сәулесі түсті. Қарауылдың барлық терезесінен сығалап, іздеп, тінтіп жүріп, Ләйлә-қызды әрең тауып алған сияқты. Әппақ болып, дөңгеленіп, ерекше бір нұрмен қыз бетіне төніп тұр.
9-үзінді. Ай да, қыз да бір-бірімен ажыраса алмай, бірін-бірі қимай ұзақ аймаласты. Жарық Ай Ләйлә-қызды қара жерге қимады. Ләйлә да алғаш рет Айды түн қойнына қимаған. Ұзақ кідірістен кейін, екеуінің бір-біріне деген тартылыс сезімі әлсірей берді.
2-тапсырма.
Ж. Оқушылар «Креативті жаз» тапсырмасын орындайды.
Ләйлә мен толықсып тұрған қияқтай әдемі Айдың арасындағы байланыстың сырына үңіліп, себебін түсіндіреді. Әңгіме оқиғасын басқаша аяқтаудың жолын ойластырып, жазады.
Дескриптор
- үзінділерді оқиды;
- маңызды санағандарын жоғары қояды;
- себебін түсіндіреді;
- креативті жазады.
Қабілеті жоғары оқушылар үзінділер арасындағы байланысты талдайды, Айдың қасиетіне байланысты халықтық ұғымдарды еске түсіреді, ал қабілеті төмендеу оқушылар үзінділерді маңыздылық деңгейіне сай орналастыруға тырысады.
4. «Ыстық орындыққа» шақырылған оқушы жауаптары тыңдалып, кері байланыс беріледі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 932



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?