Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 3-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

 Бауыржан Момышұлы  «Ұшқан ұя» романы 3-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 8.1.3.1Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.
Сабақтың мақсаты: Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылар назарын сабаққа аудару
• Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
• Топқа бөлу. «Стикер түсі бойынша»
• Кейіпкерлер мінезіне талдау жасау.
ІІ.Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл» әдісі
Бір оқушы тақтаға шығып,осы сыныптағы бір оқушыға мінездеме беру арқылы, тура және жанама мінездеме анықталады.
1.Тура және жанама мінездеу
Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді.
ІІ.Мағынаны тану
Кейіпкер портреті ТЖ. Мінездеудің қай түріне жатады?
№1
Қалыңдықкіргенде, күйеу жағы ізет көрсетіп, орнынан тұрып қызды аялап қарсы алатын салтымыз ғой. Аюбайлар абыржып оны да ұмытқан көрінеді. Әпкемдер кіріп келгенде, орнынан тұрып қарсыала алмапты.Оң босағада отырған қызға бұдан артық қорлық болсын ба, онсыз да ызаға булығып келген әпкем лезде тәкаппарланып кеткен екен. Жігітке қол ұсынбақ түгілі мінін бетке басады.-Жатыстарыңызға береке берсін. Жау қайтарғандай қалжырап қалған екенсіз, мазаларыңды алмайық. Қызға сөз салардан бұрын, сөз мәнісін түсінер болар еді. Сөз қадірінұқпаған, өз қадіріне қалай жетпек. Кешіріңіздер, -деп бұрылып жүре береді.
№2
Аққұл жақындағанда, жиналғандар жапырылып жол берді. Бәрі қолдарын кеудесіне қойып, құрмет көрсетіп тұр. Ақкұл ерде маңғаз отыр екен. Жиналғандардың көбін көзіне де ілген жоқ. Маңдайын ақ орамалмен шарт түйіп алыпты. Бешпетінің жеңі түрілген. Түкті білегінің тамырлары адырайып тұр. Селдірлеу ұзын сақалы кеудесіне түседі. Белін жалпақ кемер белдікпен мықтап буынған. Денесін алға ентелете тастап ер үстінде еркін отыр. Жайдақ табан қырым етік киген екен. Үзеңгіге бос тастапты. Ол бірден ауыл ортасында бір топ кісімен тұрған әкеме тура тартты. Саусақтарының ұшымен ғана тізгінді іркіп еді, астындағы атының қос құлағы қайшыланып, кең танауы желбіреп барып кідірді. Маған ер-әбзелі ақ күміспен көмкерілген боз айғыр мен иесі ақ сақалды Аққұл екеуіосы сәтте бір тұтас құйылған сом мүсіндей сезілген еді.
Оқушылар кейіпкерлерге портреттік
мінездеме береді.
Бағалау критерийі:
Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу Дескриптор:
Көркем шығарманы біледі;
Шығармадағы кейіпкерлерді сомдай алады;
Кейіпкерлердің тура және жанама мінездеулерін жіктейді;
Тапсырма
Т. «FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің образдық тұлғасын ашуға бағытталады. F /Кейіпкер/ – шығармаданкейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау
I /Идеясы /– кейіпкер туралы өзінің ой, пікірі, шығарманың идеяы.
L /Көзқарас/– кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар
A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі .
Кейіпкер Іс-әрекет Неліктен автор осы кейіпкерді шығармаға кірістірді? Сіздің беретін бағаңыз.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 322



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?