Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 4-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 4-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі
Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Ми шабуылы
Оқушылардан картина мен поэманың арасында қандай байланысты сезгенін сұрау арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын болжату.
Картинадағы кейіпкердің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына қандай қатысы бар?
Бұл кейіпкер кім?
Ол қайда асығып барады?
Картинаның қара түспен көмкерілу себебі неде деп ойлайсы?
Бұл шығарманың қай бөлімінде жырланатын оқиға?
Көл басына жеткен Ана қандай шешімге барды?
Ананың бұл әрекеті дұрыс па?
Аққу деген адал құс. Рас па?
Автор орнында болсаң, поэмаға қандай өзгерістер енгізер едің?
Сабақ тақырыбы мен мақсатын болжап айтады, бағалау критерийлерін бірлесіп құрастырады.
1-тапсырма. «Пирамидалық талқылау» әдісі
Сынып алдынала бірнеше топқа бөлінеді.
Әр топқа пирамиданың суреті салынған қағаздар таратылады.
Бұл тапсырмада екі сұраққа жауап беру көзделеді.
Бірінші сұрақ екінші сұрақтың негізін құруы тиіс, яғни автордың көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігін талқылауға бағытталуы тиіс.
Екінші сұрақ оқушыларды тереңірек ойлануға ынталандыруы тиіс.
Топ мүшелері өз бөліктеріне сұрақтар жазады.
Содан оқушылар қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауаптарымен танысады.
Енді топ болып талқылап, екінші сұраққа жауап береді.
Қағаздың ішіндегі кіші төртбұрышқа екінші сұрақтың жауабы жазылады.
Жан-жағына бірінші сұраққа қатысты әр оқушының жауабы белгіленеді.
Сұрақ үлгілері:
Поэмада табиғат көріністері қалай суреттелген?
Аққудың сұлулығы қалай суреттеледі?
Жаралы аққу сипаты?
Аққу мен кейіпкер арасындағы арпалыс сипаты?
2-тапсырма. Өрмекші
Оқушыларға өрмекші торына поэма үзінділері және көркемдегіш құрал атаулары жазылған қағаздар таратылады. Оқушылар жұпта
үзінділерді ұсынылған көркемдегіш ұғым атауларымен байланыстырып, өрмекші кестесін тоқып, түсінік береді.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай;
Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға;
Ақ мүсін айдынға кеп орнайтұғын.
Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным;
Екеу болса, дүние-ай, арман бар ма!;
Айдын - төсек, аспанды жамылуда.;
Ана-жүрек тыпыршып, қабынуда;
Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,
Аппақ нұр - аппақ нұрға қосылады;
... Аққулар... Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап;
Ей, ақша бұлт,
Жаулығыңмен оларды жасыр барып;
Аққулар тарануда,
Сусып түсіп, су моншақ арқасынан;
Білмей отыр жаңағы тыныштықтың,
Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!;
Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап,
Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр;
Көз алмай орамалды ұрғашыдан,
Көз алмай сүле-сопа тұлғасынан;
Әлденеден сұм жүрек сескенеді,
Аракідік әлдене ес береді.
Көркемдегіш құралдар: теңеу, метафора, кейіптеу, синекдоха, метонимия, эпитет
3-тапсырма. «Тақырыптардың түйісуі» әдісі
Көркемдегіш құралдардың шығарма тақырыбын ашуға қызмет еткен тұстарына мысалдар келтіріп, автор стилін анықтап жазады.
1-топ
Аққудың рең әсемділігін айқындайтын сөздерді табады. Қандай көркемдеуіш құралдар қолданғанына түсінік береді.
2-топ
Аққудың жарасымды қылықтарын бейнелейтін жолдарды табады. Қандай көркемдеуіш құралдар қолданғанына түсінік береді.
3-топ
Жаралы аққудың мүшкіл халін суреттейтін жолдарды тауып жазады. Ондағы қолданылған көркемдеуіш құралды анықтаңыз және оған түсінік береді.
4-топ
Табиғаттағы түс, рең ерекшеліктерін білдіретін сөздерді табады. Қолданылған көркемдеуіш құралды анықтайды.
5-топ
Су тазалығын ашатын көріністерді табыңыз. Көркемдеуіш құралдарды анықтайды. Оған түсінік береді.
6-топ
Табиғаттағы тыныштық салтанатын көрсететін көріністерді анықтайды. Қандай көркемдеуіш құралдар қолданылғанына түсінік береді.
Топтық бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Поэмадағы көркемдегіш құралдарды талдай отырып, автор стилін анықтау 2 сұрақ құрастырады
сұрақтарын көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігін талқылауға бағыттайды
сұрақтарға жауап береді
үзінділерді көркемдегіш құралдармен байланыстырады
көркемдегіш құралдардың қолданысына түсінік береді
көркемдегіш құралдардың шығарма тақырыбын ашуға қызмет еткен тұстарына мысалдар келтіреді
автор стилін анықтап жазады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?