file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 5-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

 Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 5-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 5-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.2.1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• толғау мазмұнындағы мәдени құндылықтарды бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып салыстырады, жаңашылдығын бағалайды.
Сабақ барысы:
1.Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
2.Өткен сабақ пен жаңа тақырыпты байланыстыру мақсатында «Тұжырым жаса» тапсырмасы орындалады:
Шалкиіздің «Би Темірге бірінші толғауын» мен ... деп білемін, себебі...
- жыраулық поэзияның ең үздік үлгісі;
- әміршіге тікелей сөз арнауы;
- қоғам мен дәуір туралы ойлары баяндалған;
- әмірші мен жырау тұлғасы жан-жақты ашылған;
- жақсылық пен жамандық, достық пен қастық туралы философиялық ойлары тұжырымдалған т.б.
3. Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақ тақырыбына байланысты тапсырмалар беріледі, оқушылар таңдаған тапсырмасына сәйкес топтарға бірігеді:
1-топ: Шалкиіз шығармасындағы рухани құндылықтар;
2-топ: Шалкиіз шығармасындағы афоризмдер;
3-топ: Шалкиіз – жаңашыл жырау;
4-топ: Қазақ, ноғай, қарақалпақтардың ортақ мұрасы.
4.Топтық жұмыс.
Оқушыларға сабақтың тақырыбына қатысты 3 минуттық TED әңгімелерін (talks) топта дайындау тапсырылады.
Олар топ ішінен бір спикер сайлайды.
Тақырыптың өзектілігі, бүгінгі күнмен байланысты болуы, жаңашылдығына баға беруі ескертіледі. Шалкиіз толғауын («Лашын құс») баяу қосып қоюға болады.
Қабілеті жоғары оқушылар үшінші/төртінші топқа бірігіп, бағалау және салыстырмалы талдау деңгейіндегі тапсырманы орындаса, қабілеті орташа оқушылар толғау мәтініндегі қанатты сөздерді анықтай алады.
5. Дескриптор
- тақырыптың өзектілігі;
- бүгінгі күнмен байланысты болуы;
- құндылығын бағалауы.
6. Тыңдау және бағалау
Топ спикерлері ортаға шығып жауаптарын таныстырады, оқушылар критерийге сай өзара бағалайды......


Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 452



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды