Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 4-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• автор не айтқысы келді, көтерілген мәселеге оның көзқарасы қандай, нені дәріптейтінін біледі;
• оларды ұлттық мүддемен байланыстырады.
Сабақ барысы:
1.Жаңа тақырыпты оқып-үйрену.
Шалкиіз Тіленшіұлы туралы қысқаша ақпарат беру. Толғауларында елдік мұраттың баяндалуы, философиялық, дидактикалық көзқарастарының тоғысуы. Шалкиіз жырау өз заманында ноғайлының әміршісі Би Темірмен өте жақын араласқаны, оның ақылшы-кеңесшісі, жорықтарда үзеңгілес серігі болғаны.
2.«Тақырып бойынша болжам жаса» стратегиясы:
«Би Темірге бірінші толғау» деп не себепті аталған деп ойлайсыз? «Екінші толғау», яғни, оның жалғасы болуы мүмкін бе?
Толғаудың мазмұнын бірінші тармағына қарап болжап көр, не туралы сөз қозғалуы мүмкін:
«Аспанды бұлт құрсайды
Күн жауарға ұқсайды».
Не себепті жырау өз сөзін табиғат құбылысын бейнелеуден бастайды?
3.Сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
4.Толғаудың аудиомәтінін толықтай тыңдатуға болады.
5.«Үйірмедегі оқу» стратегиясы
Толғау мәтінін «үйірме мүшелері» кезек-кезек абзацпен оқиды. Бірінші үзіндіні оқып болғаннан кейін мазмұны бойынша сұрақтар қойылады. Егер қойылған сұраққа жауап беру мүмкін болмаса, яғни, мәтінге сай келмесе, оның дұрыс құрылмағаны. Дұрыс сұрақтардың барлығы дәптерге жазылады. Мысалы:
Аспанды бұлт құрсайды
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды –
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды –
Күйбеңдескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
6. Оқушылар тарапынан қойылатын ықтимал сұрақтар:
1. Үзіндідегі «қу», көкшілі» сөздері қандай мағынаны білдіреді?
Дұрыс жауабы: «қу» – аққу, «көкшілі» – сұңқар деген мағынада.
2. Жырау нөсер жауын алдындағы түнерген аспанды, көкшіліден соққы жеген аққу құстың жайын неліктен сөз етеді? Өз басындағы жағдай осы құбылыспен қаншалықты байланысты, яғни, алыстан орағытып келіп нені меңзеп отыр?
Екінші шумағында өзі үшін Би Темір кім еді, үшінші шумағында Би Темір үшін өзі кім еді, намысына тигенде ашуға бой алдыруы ... осы ретпен талдау жалғасады.
3. Неліктен Шалкиіз өз дәуірі үшін бітім-болмысы бөлек ерекше тұлғаны және соның жолына еруді аңсайды? Оқу мақсатына байланысты және қабілеті жоғары оқушыларға мұғалім мынадай сұрақ қоя алады:
Би Темірді құдіретті етіп көрсетудегі мақсаты не? Бұл жыраудың жеке өз басының мүддесі ме әлде ұлттық мүдденің бір көрінісі ме?
Дескриптор
- толғау мәтінін түсініп оқиды;
- мазмұны бойынша дұрыс сұрақ құрастыра алады;
- толғау мәтініне сай сұрақтарға жауап бере алады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?