Тіл қасіреті

 Тіл қасіреті

Мен кейде ана тілімді,
Көз жасы мөлт-мөлт тамған,
Жазықсыз сәби сынды елестетем...
Осыған түсінік беру, керек пе екен?

Көп жылдар сені алып шыға алмай биікке,
Сірә да теңдік төмендегіге тиіп пе?
Талайлар жүрді жігері құм боп түнеріп,
Әділетсіздіктен бой ұрып жиі күйікке.

Шыбындай жаның шырқырап талай жерлерде,
Арғымақ ойлар арындап алға желгенде.
Өзіңді тұсап, амал жоқтықтан тізгіндеп,
Болдың-ау тілім – боздағым, сол сәт шерменде!...

Ана тілінде айтылған ақыл балаға,
Әсер етпеді, кетті ғой, тоба, далаға.
Жыр төгілдірмей, қазақтың жаны жана ма?
Анамның тілі сіңбейтін болса санаңа,
Қазақтың бағы бола ма?!...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?