Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 2-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

 Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 2-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі 2-сабақ
Оқу бағдарламасына сілтеме: Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.
Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін салыстыра алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Кейіпкер типтерін тек тұрғысынан сипаттап, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:
Әдеби шығармадағы кейіпкерлерді басқа әдеби шығарма кейіпкерлерімен салыстыра алады.
Сабақ барысы:
Психологиялық ахуал
«Мен қандаймын?»
Есіміне өз атының бас әрпімен басталатын сын есімді тіркестіріп айтады. Мысалы, «Мен әдемі Әсеммін».
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
Қызығушылықты ояту
Қандай образдар?
Мұғалім сөзі.
Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Қөркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрлі: юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ т.б.
«Кейіпкерлер әлемі»
«Прописка - жеке бастың қайғысы емес, бүкіл қазақ қоғамының басына түскен ауыртпалық» тұжырымын және әңгіме мазмұнын өмірмен байланыстыра кейіпкер типтерін сипаттайды (Архат, Дәурен, Архаттың жеңгесі, Базиев, шофер, Қақатаев, үш жігіт, подполковник т.б.).
Дескрипторлар:
- кейіпкер типін сипаттайды;
- әңгімеден мысал келтіреді;
- басқа кейіпкерлермен салыстырады.
Оқушылар бір-бірін бағалайды.
«Бес қадам» стратегиясы
Әр топтан өз қалауымен 1 оқушыдан шығады, бес қадам аттап жүріп, кейіпкерлерге мінездеме беріп, сөйлейді.
1. Архатқа 5 сөзбен мінездеме беріңіз.
2. Архаттың ағасы Дәуренге 5 сөзбен мінездеме беріңіз.
3. Капитан Базиевке 5 сөзбен мінездеме беріңіз.
4. Шофер жігітке 5 сөзбен мінездеме беріңіз.
5. Жетісу ауылының ауылсоветі Қақатаевқа 5 сөзбен мінездеме беріңіз.
6. Подполковникке 5 сөзбен мінездеме беріңіз.
Кері байланыс: «Екі жақты күнделік»
Кейіпкер Менің пікірім
Топтық жұмыс
Мұғалім оқушыларға мәтіннен сол кезеңнің көрінісін сипаттайтын бірнеше мәтін таратады.
Дескрипторлар:
- үзінді орнын айқындайды;
- заман көрінісін талқылайды;
- бүгінгі өмірмен байланыстырады;
- тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
Топтар бірін-бірі бағалайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 7 490



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?