Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (А әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (А әрпі бойынша ат қою)

АБИРА - тәжік тілінен алынған абера — шөбере, шөбере қыз.

АҒИЛА - араб және иран тілдерінен алынған агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған.

АҒЛИЯ - грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат.

АДЛИЯ - тәжік тілінен алынған адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша.

АЖАР - көрікті, келбет, нұрлы; түр, өң.

АЖАРГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.

АЖАРХАН - көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.

АЗА - тәжік тілінен алынған азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді.

АИДА - араб тілінен — пайда, сый.

АЙБАЛА - ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.

АЙБАРША - қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.

АЙБИКЕ - екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.

АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі.

АЙГҮЛ – қазақтың сөзі ай — тәжіктің сөзі гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған.

АЙҒАНША - қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.

АЙҒЫЗ - айдай сұлу, көркем қыз бала.

АЙДАЙ - айдай сұлу, көркем.

АЙДАНА – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған дана - білгір, данышпан, ғалым.

АЙДАРИЯ – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған дәриа - теңіз, үлкен өзен.

АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім.

АЙЖАН – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі.

АЙЗАДА - қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.

АЙЗЕРЕ - қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.

АЙЗИБА - қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зиба - сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.

АЙЗИЯ - қазақтың сөзі ай + зия - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.

АЙКҮМІС - қазақтың сөзі ай + күміс - сұлу, әдемі, көркем.

АЙМАН – қазақ тілінен— белгілі, әйгілі, даңқты; араб тілінен - ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.

АЙМИРА – жана есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім.

АЙНА - араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек.

АЙНАГҮЛ - тәжік тілінен алынған айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия.

АЙНАША - айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.

АЙНҰР - қазақ тілінен алынған ай + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.

АЙПАРА - қазақ тілінен алынған ай + иран тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше.

АЙСӘУЛЕ - екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған.

АЙСҰЛУ - екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.

АЙТОЛДЫ - бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.

АЙША - араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше - ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша.

АЙШАЙЫМ - Айша және айым сөздерінен қысқарған есім.

АЙШОЛПАН - Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМ - менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.

АЙЫМГҮЛ - менін ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМЖАН - айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМША - ай сияқты жарык, ашық деген мағынада қойылған есім.

АҚАЙША - аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.

АҚБАЛА - сұлу, әдемі қыз бала.

АҚАРУ – жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.

АҚБӘТЕС - ақ және бәтес сөзінен қойылған кыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.

АҚБОТА - бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.

АҚЖІБЕК - Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған кыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.

АҚЗИЯ – қазақ сөзі ақ + араб тілінен алынған зия - жарық, сәуле, арай.

АҚҚАЛ - қазақ тілінен алынған ақ + тәжік тілінен алынған хол - бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.

АҚҚЫЗ - аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.

АҚМАРАЛ - бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған.

АҚНӘЗІК – нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.

АҚТАМАҚ - бейнелеу түрінде қойылған есім.

АҚТОҚТЫ - төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.

АҚЛИМА - араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты.

АЛҚА - асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.

АЛМА - қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.

АЛТЫН - кобіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.

АЛУА – араб тілінен алынған халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан.

АМАН - сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.

АНАР - иран тілінен - қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер .— Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б.

АНИСА - араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора.

АРАЙША - арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім.

АРДАҚ - құрмет, қадір.

АРНА - бір адамға бағыштау, арнайы қою.

АРУ - сұлу, көркем.

АРШАТ - араб тілінен - адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды.

АСИЯ - иран тілінен — қайырымды, мейірімді (әйел).

АСЛИ - араб тілінен — нағыз, шын. Түрі - Аслия.

АСПАЗИЯ - грек тілінен — қалаулы, әдемі, сүйкімді.

АСЫЛ - араб тілінен алынған әсил - негіз, түбір, түп нұсқасы; шынайы, нағыз; қымбатты, ардақты.

АСЫЛЖАН - асыл және жан сөздерінен - мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.

АСЫЛША - асыл және шахзада сөздерінен жасалған есімнің қысқарған түрі.

АСЫЛТАС - қымбат бағалы тас.

АЯНАТ – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?