Т Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» (5 сынып, IV тоқсан )

 Т Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» (5 сынып, IV тоқсан )

Сабақ: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы құндылықтары
Сабақтың тақырыбы: Т Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И2. Автор бейнесі
Сабақтың мақсаттары: Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты оят
-Мына фотоларға қарап, бүгінгі сабағымызды болжап көріңіздерші?
-Бұл фотоларға қарап қандай құндылықтарды еске түсіреміз?
Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
Ой шақыру
Білу
«Анасын сағынған бала» деген ойды естігенде көз алдарыңа не елестейді?
(Тақтада А3 форматта плакат ілініп тұрады, балалар түсінгендерін, елестеткендерін жазады.)
• Түсіну
• ОҚЫЛЫМ. Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»
• Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
• «Джигсо» әдісі
-Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір мәтіннің 4 бөлігі бөліп беріледі. Оқып болған соң, әр оқушы 1,2,3,4 – топтарға барады, яғни жаңа топ құрылады.
-Әр оқушы келген тобындағы мәтіннің бөлігі туралы айтып түсіндіреді.
-Оқушылар тұтас мәтінді талқыға салған соң, басты кейіпкерлерін, оқиға өрбуін, қарама-қайшы тұстарын талдайды.
-Балалар, шығарма сіздерге ұнады ма?
-Шығарманың басты идеясы не екен?
• -Шығармадағы басты құндылық не болды?
• -Мектептің құндылығымен қаншалықты байланысты екен?
• Қолдану
• 1.Жазушы баланың анасына деген сағынышын қалай суреттейді?
Шығармадан үзінді Жазушы қалай суреттеген Сенің алған әсерің
-Моо-маааа, моо-мааа...
-Сенсің ғой да-нааа...
-Мәңгііі дос сен ға-нааа...
Мамам әкелген қып-қызыл гүлдері бар көйлегім ше... Соны кимеймін бе? Ақ сызықтары бар қара костөмім ше? Оны да киемін. Мамам айтқан... Алматыда жаз кезінде де түн суық болады деп...
-Мама-а, тағы бір сүйші...
• Дескрипторлар:
• -автордың суреттеуіне талдау жасай алады;
• -өз әсерін жеткізе алады.
Талдау
ТЖ
1.Топта берілген үзіндіні талдап, жалпы проблеманы анықтаңыз.
• Автордың Ананың әрекетіне деген көзқарасына сен қандай ойдасың?
Дескрипторлар:
-проблеманы анықтайды;
-мәселені шешуде ұсынысын білдіреді.
1-топқа
-Мамамды тауып алсақ... әр жағында папамды да іздемейміз бе? Олар базарда бір-бірінен адасып қалған ғой. Өйткені базар үлкен. Мамам айтқан Алматының базарының ана шеті мен мына шетіне көз жетпейді деп... Құжынаған халық деп...
2-топ
Жұртпен дуылдаса қоштасып, енді жеңіл машинаның алдына отыра бергенде барып Есмағамбеттің көзіне Сержан түскені. Ол қолына ойыншық ұстаған күйі, шығарып салушылардан бөлек тұр екен. Жүзі алабұртулы. Өткір көздеріне ыза мен мұң ұялағандай. Бірақ жанарын аудармай, Есмағамбетке тесірейе қалған. Сол қалпында ол: «Ақыры мені ертпедің бе? Берген уәдеңде тұра алмадың ба?» деп тұрғандай еді.
Жинақтау
Автор қандай әдіс -тәсілдер арқылы шығарманы оқуға ынталандырды?
(2 топқа тапсырманы бөліп берсе де болады)
Теңеу Эпитет Одағай Шырайлар
мұң ұялағандай, ұшқындап тұрғандай өткір, сесті, еркелегендей,
Мөлдіреген қап-қара көздері, өткір көз, -Ойпырмай, осы бала..., Қып-қызыл көйлек, қап-қара мұрты, жалт-жұлт, бей-жай,
Бағалау
«Егер автор болсам... не істер едім?» тақырыбында авторға баға беріңіз.
«Егер Сержан болсам... не істер едім?» тақырыбында Сержанның атынан жазушыға баға беріңіз.
«Егер Күміскүл болсам.. не істер едім?» тақырыбында Сержанның анасы Күміскүлдің атынан авторға баға беріңіз.
(әр оқушы қалаған тақырыбы бойынша сөйлесе болады).....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 168



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?