Үш сөзбен берілген тәрбие Ер баланы тәрбиелеу ерекшеліктері (8 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Үш сөзбен берілген тәрбие. Ер баланы тәрбиелеу ерекшеліктері.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау
Сабақтың мақсаттары: Ер баланы тәрбиелеу ерекшеліктерімен таныстыру.
Өз ойын сенімді жеткізу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру.
Сабақ барысы: Оқушылар халық даналығымен танысып, ой бөліседі.
«...алты жасқа дейін хандай көр, алты жастан құлыңдай жұмса, 16 жастан кейін сырласыңдай көр» деген халық сөзі кімнің тәрбиесіне қатысты айтылған деп ойлайсыздар? Оның мәнін қалай түсінесіздер?
Сабақтың тақырыбын болжап, оқу мақсатымен танысады
Топтық жұмыс
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ өзіне берілген мәтінді оқып, негізгі ойды дәптеріне конспектілейді.
Топ оқушыларының құрамы «Джигсо» әдісі бойынша ауысып, ақпарат алмасады.
Баланы 13 жастан отау иесі болуға дайындаған
Халқымыз 12-15 жасынан бастап, ер баласына алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттер барын мақал-мәтелдермен ескертіп отырған. "Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық", "Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт", "Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар" деп шамдандыратын. "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" деген.
Қазақ "ер баланы алты жасқа дейін хандай көр, алты жастан құлыңдай жұмса, 16 жастан кейін сырласыңдай көр" деп, жасына қарай тәрбие берген. Сөйтіп ұл баланы 13 жасынан бастап отау иесі болуға дайындаған. Өйткені қазақ салтында ұл бала 13 жасында балиғат жасына жеткен болып саналатын. Сондықтан ата-ана, бауырларының алдында жауапкершілікті санасына сіңіре бастаған.
Үш сөзбен берілген тәрбие
Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген: Ұят болады. Жаман болады. Обал болады.
Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, жаным арымның садағасы дегені.
Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр, жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді дегені.
Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін, ешкімге көлеңкең түспесін дегені.
Жас ерекшеліктері
Ер баланың жеті жас пен он жас аралығын "қозы жасы" деп, бұл жастағы балаларға әр түлік мал мен оның төлдерінің бөгенайын, белгі, қасиеттерін жыға тану талабын қойған.
10-нан 20-ға дейінгі жасты "қой жасы", "қотан жасы" деп атап, осы он мен жиырма жас аралығындағы ер балаларға қойдың қырық қайырымын білу, астық жинаудың "ұрық таңдау, айдау, баптау, ору, жию, қамбалау" сияқты алты әдісін, бағбандықтың көшет отырғызу, баптау, жалғау, бұтау, үзу, сақтау, сияқты амалдарын толық меңгеру талабы қойылған.
20 -дан 30-ға дейінгі жасты "жылқышы жасы" деп атап, бұл жастағы азаматтарға ел, жер танып, жылқының жиырма қасиетін біліп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын қасиеттерді бойына сіңіруді, батыл да батыр болу талабын қояды.
Бұл тәрбие ұл баланың отбасына, балалар мен аналарға, ел-жұртына қамқоршы, қорған болу сезімін жоғарылатады. Сонымен қатар намысқой, батыл, батыр, халықшыл азамат болып қалыптасуына жол ашады деп түсінген.
Жеке/жұптық жұмыс
Әр оқушы мәтіндердің мазмұны бойынша екі «жуан», екі «жіңішке» сұрақ құрастырып, диалогке қатысады.
Әр дұрыс жауап үшін бір жұлдызша алады.
Жеке жұмыс.
Әр оқушы сағат тілімен тақырып бойынша қорытынды жасайды.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?