6-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ (7 сынып, IV тоқсан )

 6-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ  (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: 6-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ. ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) О3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату
Хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
Сабақ мақсаттары:
Құжаттар мен қызметтік жазбалардың құрылымы мен рәсімделуін түсіндіріп талқылау арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратуға дағдыландыру.
Сабақ барысы: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Оқушыларды түгелдеу, көңіл-күйлерін сұрау.
Қызығушылықты ояту
- Біз Ұлы Жеңіске қандай қасиеттер арқылы жеттік?
- Біз қандай елдің ұрпағы боламыз?
- «Соғыс», «Жеңіс» тақырыбында қандай өлең жолдарын білесіңдер?
Топқа бөлу
Күш, Жігер, Ақыл, Батылдық, Ерік сияқты аталған қасиеттерді оқушылар кезек-кезегімен суырып, сол бойынша топқа отырады. Сөздердің мағынасын ашады, тақырыппен байланыстырып, пікір білдіреді.
Сабақ тақырыбына шығу, мақсаттарымен таныстыру, бағалау критерийлерін талқылау
ЖЖ.
Оқылым алды тапсырмасы
1-тапсырма
Жұбымен пікірлесіп, тыңдалған мәтіннің мазмұнын өз сөзімен баяндайды;
Мұғалім оқушыларға Ә.Молдағұлованың хаты қосады. Оқушылар тыңдайды. Оқушылар осы сәттегі Әлияның сезімін, оның ішкі тебіренісін, майдандағы жағдайды көз алдына елестете отырып ерлігі туралы ой қозғайды.
2- тапсырма
Оқылым мәтінімен жұмыс
Әр топқа Ұлы Отан соғысы туралы мәтіндер таратып береді. Оқушылар оқылым мәтініндегі мәліметтерді қолдана отырып топтық тапсырманы орындайды. Оқушылар тапсырманы үлкен постерге орындайды.
«ДЖИГСО» тәсілі
Оқушылар 1,2,3,4,5 санына саналады, өз саны бойынша берілген міндетін атқарып келеді.
1-баяндаушы (естіген мәліметін баяндап РАПОРТ береді: Мен естіген мәліметім туралы сізге хабарлауға рұқсат етіңіз: ...)
Рапорт (франц. rapport — хабарлау) — берілген әскери тапсырманың орындалуы я басқадай әр түрлі істердің орындалуы жайында бастықка ауызша немесе жазбаша баяндау, хабарлау.
2-тілші (естіген мәліметін ТІЛШІ ретінде тікелей эфирден айтып береді: Тікелей эфирде тілші ------------ --------------, бүгінгі хабарымызда --------------- туралы айтын боламыз.)
3-суретші (естіген мәліметін СУРЕТКЕ салып келеді)
4-жаранамалаушы (естіген мәліметін үгіт-насихат түрінде ЖАРНАМАЛАЙДЫ: Біздің мектебімізде «Ерлік» клубы ашылмақшы. Ол клубтың мақсаты......, онда мынадай тақырыптар қозғалады.)
5- тергеуші (естіген мәліметін ТЕРГЕЙДІ (қандай мақсатта жазылған? оны жазуға не итермеледі? Жастарға пайдасы қаншалықты? Осы сұрақтар төңірегінде тақырыпты тергеп, өзінің қорытынды ойын айтады).
Бағалау:бағалау критерийлері арқылы топтар бір – бірінің жұмысын бағалайды. Соңынан бірін-біріне дауыс беру арқылы бағалайды, жақсарту қадамын ұсынады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 053



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?