Климат өзгерісі (7 сынып, I тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Ауа және климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Климат өзгерісі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7. Т/А1 Болжау
Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.
7. ӘТН2 Орфоэпиялық норма
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар тыңдалым бойынша мәтін үзінділерін тыңдайды, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.
Сөйлеу барысында интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдана алады.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту сатысы
Оқушылар ауа райы мен климаттық өзгерістерге байланысты суреттер арқылы 4 топқа бөлінеді. Олар сурет арқылы өтілетін тақырыпқа болжау жасайды. Мысалы:
Суреттер арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын, күтілетін нәтижелерді анықтайды.
Климат сөзіне ассоциативтік сызба жасайды.
«Климаттық аймақтар» тақырыбында бейнежазбаны тыңдайды.
Ж. Тыңдалым тапсырмасы.
«Климаттық аймақтар» тақырыбында бейнежазба көреді, тыңдайды. Мұғалім оқушыларға бейнефильмдегі оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжатады. Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжату үшін бейнефильмнің бас жағын ғана көрсетіп, ары қарай оқиғаның қандай болатынына болжау жасайды.
«Болжау» әдісі
Бірақ ауа райы мен климат бір емес. (0:12)
Әлемді бірнеше климаттық аймақтарға бөлуге болады. (0:48)
Әр климаттық аймақтың өзіне тән климаты, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі бар. (1:09)
Полярлық климаттық аймақ (1.14)
Тропикалық немесе экваторлық белдеулерде (1:39)
Жұптық әңгіме құраудың алдында сөйлеу кезінде интонацияға, кіріс мен логикалық екпін туралы теориялық түсінік беріп кету керек.
• Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тіліндегі екпін тұрақты, көбіне соңғы буындармен байлаулы болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады.
Екпін түспейтін буындар.
1. Жіктік жалғауына. Мысалы: оқушымыз, барамыз.
2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы: ағашты жарма, сен оған айтпа.
3. Шылау сөздерге. Мысалы: үй де, мал да – бәрі де аман.
4. Көмекші сөздерге. Мысалы: мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.
Екпіннің түрлері.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.
Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.
Айтылған теориялық түсініктің жұптық және тыңдалымнан кейінгі тапсырма барысында орындалуын қадағалап отыру керек.
Жұптық әңгіме.
Тыңдалған мәтіндегі оқиғаның дамуы мен аяқталуын оқушылар жұп құрап болжап әңгімелейді. Болжаған оқиғаларын сынып алдында бірі оқиғаның дамуын, бірі оқиғаның аяқталуын әңгімелейді.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Оқушылар 4 топқа бөлініп, жылдың 4 мезгіліндегі ауа райының құбылыстары туралы шағын жобалық жұмыс құрастырып, сынып алдында қорғайды.
Қалыптастырушы бағалау.
Әр топ бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. Бағалау кезеңінде ең алдымен бағалау критерийін ойластырып алуы керек. Оны мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып жасауға болады.
• Талқы себепшісі
• Белгілеуші
• Байланыстырушы
• Қорытындылаушы
• Суреттеуші
сияқты рөлдерді бөліп алып, мәтінді
талқылаушы - идеясын, тақырыбын айтады.
белгілеуші -негізгі ой бойынша төрт сұрақ құрастырады.
байланыстырушы –қазіргі өмірмен байланыстырып, өз өмірінен мысал келтіреді.
қорытындылаушы -шешім ұсынады.
суреттеуші - мәтін желісі бойынша сурет салады.
Бағалау критерийі.
мәтіндегі тірек сөздерді анықтай алады;
алғашқы бөлігін тыңдау арқылы, тақырыпты анықтай алады;
көтерілген мәселеге болжау жасай алады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?