Ұялы телефондар (6 сынып, IV тоқсан )

 Ұялы телефондар (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Ұялы телефондар
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.2.1 әлеуметтік- мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Тыңдалымдағы көтерілген мәселені талдайды
Көтерілген мәселеге қатысты пікір білдіреді.
Сабақ барысы: Тапсырма. сөйлемдерді тыңдап, дұрыс бұрысын анықтаңыз.
Мұғалім сөйлемдерді оқиды, оқушылар тыңдап тұжырыммен келіссе, қол шапалақтайды, келіспесе үнсіз қалады
• Ұялы телефонмен қоңырау соғу үшін арнайы кабиналарға бару керек.
• Сымсыз байланыс түрі – ұялы телефон өмірді жеңілдетті.
• Адамдар күніне бірнеше қоңырау жасайды.
• Хабарлама жазу үшін қағаз бен қалам керек.
• Байланыссыз қалуға қорқатын адамдар телефонды жанынан тастамайды.
• Ұялы телефондар өмірді жеңілдетті
Сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстырады. Бірлесе талқылайды.
Тыңдалым алды тапсырма.
Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын ұсынады. Оқушылар талқылап, жауап береді.
Жұптық талқылау.
• Ұялы телефондар өмірге қандай өзгеріс әкелді?
• Ұялы телефонның тарихы туралы не білесің?
• Алғашқы телефондар қандай болды?
• Телефонсыз бір күніңді елестетіп көр, немен айналысар едің?
Тыңдалым тапсырмасы.
Мұғалім оқушыларға бейнематериалды тыңдатады. Оқушылар тыңдап, «шын немесе жалған» тапсырмасын орындайды
Нақты ақпаратты анықтау.
«Шын немесе жалған» тапсырасы.
Ұялы телефонның көмегімен алғаш қоңырау жасаған Мартин Купер________
Әлемдегі ең көп сатылымға ие телефон – iphone________
Алғашқы смартфонның салмағы 500 гр ________
Ең қымбат телефон алтыннан жасалған ________
«Номофобия» - өз телефонын жоғалтып алудан қорқу түрі__________
Тувин аралдарында мобильді байланыс мүлдем жоқ ____
Нокиа телефонының танымалдылыққа ие болуы оның ішіндегі жылан ойынының болуында __________
Смартфон нарығы Тувин аралдарында жылдам өсуде __
Оқушылар тыңдалым көтерілген мәселеге қатысты көзқарасын білдіреді.
Тыңдалымдағы ақпаратқа байланысты өз көзқарасын білдіру.
Неліктен iphone телефоны көпшіліктің сұранысына ие?
Ең қымбат телефонның артықшылығы неде деп ойлайсың?
Ұялы телефондардың экологияға зиянды екені белгілі? Бұл мәселені қалай шешуге болады?
Номофобияны ауру түріне жатқызуға бола ма? Оны болдырмаудың жолдарын ұсынып көр.
Тувин аралдарының тұрғындары техникасыз-ақ бақытты деген пікірге көзқарасың. Сол аралдың тұрғыны болғың келе ме?
Сен үшін қызықты болған ақпарат? Неліктен?
Дескрипторлар.
• Тыңдалым мәтінін түсінеді
• Тыңдалымда көтерілген мәселені анықтайды
• Мәселеге қатысты көзқарасын білдіреді
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Мұғалім тыңдалымнан соң оқушыларға шығармашылық тапсырманы ұсынады.
Жұптық тапсырма. «Ұялы телефонның монологы»
Егер телефон сөйлей алатын болса, иесіне нені айтар еді? Мүмкін өзінің шаршайтынын немесе оны көп құлатқанын, мүмкін оған мүлдем демалыс бермейтінін айтатын шығар. Жұпта телефонның монологын құрап, ұялы телефонның диктафонына «Телефонның монологын» жаз.
Дескриптор.
• Телефонның не айтуы мүмкіндігін болжап креативті мәтін құрайды.
• Тыңдалымдағы тіркестерді қолданады
• Интонация, екпінді сақтап диктафонға жазады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 774



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?