Болашақта әлем қалай өзгереді? (6 сынып, IV тоқсан )

 Болашақта әлем қалай өзгереді? (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Болашақта әлем қалай өзгереді?
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.2.1. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып,өмірбаян құрастырып жазу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Өмірбаян құрап жазады
Болашақта әлемнің қандай болатыны туралы болжам жасайды.
Сабақ барысы: «Қиял немесе шындық»
Мұғалім оқушыларды шеңбер құрап тұрғызады да қиялға беріліп, болашаққа қатысты бірнеше болжам жасайды. Оқушылар тыңдап, болашақты осы қиялдың жүзеге асатыны немесе аспайтыны туралы ой айтады.
Мысалы:
Адамдар марста өмір сүре алады
Ұшатын автокөліктер болады
Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстырады.
Жазылымға дайындық.
«Мен роботпын», «Мәңгіліктің ақыры» сияқты ғылыми фантастикалық туындылардың авторы Айзек Азимов 1964 жылы Нью-Йорктегі дүниежүзілік көрмеге қатысады. Көрме 20-ғасырдың басындағы электрлік құрал-жабдықтарға арналды. Осыдан кейін Азимов «50 жылдан кейін адамзат дамуында қандай өзгерістер болады?» деген сауал төңірегінде ойланып, «2014 жылғы дүниежүзілік көрмеге шолу» атты эссе жазады.
3D-фильмдер, сымсыз тұрмыстық жабдықтар, жүргізушісіз жүретін көліктер, бейнелік экран арқылы қоңырау шалып, кітап оқу, құжат қарау сияқты жорамалдары шынымен жүзеге асты.
Алайда әлі де қиял қалпында қалған болжамдары да бар. Азимов «2014 жылы адамдардың көбі жердің беткі қабатын ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жер астында немесе суда тіршілік етеді. Ал роботтар бау-бақшаны күтіп-бағады» деген еді. Ол «ұшып жүретін автокөліктер жасалады» деген де болжам айтқан.
Мұғалім оқушыларға мәтінді ұсынады. Оқушылар мәтінді оқып, алдағы елу жылда адам өмірінде қандай өзгерістер болатынын болжап, жұпта талқылайды.
Шеңбер бойына отырып, болашақты қалай елестетіндіктерін айтады.
Жазылым тапсырмасы.
Шығармашылық жазылым тапсырмасы.
Мұғалім оқушыларға 2070 жылда өмір сүретін кейіпкерді ойлап тауып, соның атынан өмірбаян жазады.
Мұғалім оқушыларға өмірбаянның құрылымы туралы түсінік береді. Оқушылар стильдік және жанрлық ерекшелігіне сай, құрылымын сақтап, өмірбаян жазады.
Дескриптор
• Өмірбаян құрап жазады
• Креативті жазады
• Болашақтың тұрғынынының атынан жазады
• Құрылымын сақтайды.
Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1. Құжаттың аты (өмірбаян)
2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері
3. Ұлты
4. Білімі, оқыған оқу орындары
5. Қоғамдық-саяси қызметі
6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
7. Қазіргі жұмысы, мекен-жайы
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.
Өмірбаянның 3 түрі
1) Қоғамдық-саяси өмірбаян- көркем әдебиет стилі-3- жақта баяндалады;
2) Автобиографиялық өмірбаян –көркем әдебиет стилі 1-жақта баяндалады;
3) Жеке өмірбаян - ресми ісқағаздар стилі,1- жақта баяндалады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 081



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?