Үстеу Кітапхана (6 сынып, IV тоқсан )

 Үстеу Кітапхана (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы: Үстеу. Кітапхана.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: ӘТН4. Грамматикалық норма
Сабақтың мақсаттары: Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.
Сабақ барысы: 1) Айуан екі аяқты, асқан батыр,
Басына о батырдың тіккен шатыр.
Шешерсің дана болсаң бұны біліп,
Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда,
Бір айла адамзатта болып жатыр. (Бүркіт)
2) Бес жігіт біреуінен біреуі аласа,
Тұрады төрті көрші, бірі оңаша.
Бастары бірікпесе кетер әлі,
Ырқына бір-бірінің ұнамаса.
Тастайды тау қопарып, көл қотарып,
Бесеуі бір ниетпе шыға қалса. (5 саусақ)
3) Бір итім бар үрмейді,
Ары-бері жүрмейді.
Тамақ берсең жемейді,
Су ішуді білмейді.
Ол тұрғанда еш адам,
Үй ішіне кірмейді. (Құлып)
Жұмбақтардағы асты сызылған сөздерге назар аударыңыздар. Неге олардың асты сызылып тұр деп ойлайсыздар?
Кіріспе тапсырма
Үстеу дегеніміз - сын есімнің, етістіктің мағынасын дәлдеп, нақтылап көрсету үшін үстеме мағына беретін әрі қимылдық мезгілін, мекенін, мақсатын, мөлшерін, сынын, себебін білдіретін негізгі сөз табы. Үстеулер өзгермейді, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейді. Сөйлемде ғана үстеулерді басқа сөз табынан сұрақ қою арқылы ажыратуға болады.
Тест тапсырмалары
Үстеу қатысқан есімді тіркесті тап
А. Әрдайым дайын
В. Аса биік үй
С. Алдыңгүні айтты
Д. Ала жаздай ән салды
Е. Кейін қалды
Қосарлану арқылы жасалып тұрған үстеуді белгіле
А. Келіп-кету
В. Бала-шаға
С. Он-он бес
Д. Жол-жөнекей
Е. Келсе-келер
Сәл рең беріп тұрған үстеуді тап
А. Баяулау
В. Бұлбұлдайын
С. Сеніңше
Д. Қазақша
Е. Соншалық
Үстеу қатысқан есімді тіркесті тап
А. Соншама ұзақ әңгіме
В. Оқу аяқталды
С. Өнім алынды
Д. Екі рет марапатталды
Е. Әдемі жазды
Үстеу қай сөз таптарымен тіркесіп қолданылады?
А. Еліктеуіш сөзбен
В. Сан есіммен
С. Етістікпен, сын есіммен
Д. Одағаймен
Е. Есімдіктермен
Негізгі тапсырма:
1. Төмендегі берілген сөздерге сұрақ қойыңыз?
Қазір қашан?
Бүгін келеді
Кешке
Бүрсігүні
Шалқасынан
Етпетінен
Ақырын
Оқыстан
2. Мына үстеулермен тіркес құра. Сұрағын қой.
Лезде, жылдам, шапшаң, баяу.
Үлгі: лезде жеттік (_________?)
3. Мына сөйлемдердегі "әлі" деген сөз қайсысында үстеу, қайсысында зат есім? Үстеуді қалай табуға болады?
Әлі (_____?) жетер заман жоқ. (А)
Әлі (______?) ол да өнерлі адам болар
Әлі (______?) талай барармыз
Үстеу істің, қимылдың қандай белгілерін білдіреді?
4. Мына тірскестермен сөйлем құра
Қатар отырды, сонымен қатар. Кейін қайтады, мерекеден кейін қайтады.
5. Мына үстеулерді қатыстырып, «Кітапханадағы оқиға» деген тақырыпта шағын әңгіме жазыңыз. Сөз саны- 150-180.
Мысалы: таңертең, күзде, кешкісін, ілгері, жоғары, төмен
Қорытынды тапсырма
Мына үстеулерді құрамына қарай кестеге жаз.
Кеше, кешке, лек-легімен, ала жаздай, алдыңгүні, қыстай, ертең, қазақша.
Негізгі түбір үстеулер
Туынды түбір үстеулер
Күрделі үстеулер
Әр жұпқа мұғалімнің кері байланысы беріліп, бағаланады. ҚБ.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 187



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?