Сабақ жоспары: Елбасы кітапханасы. Конгресс кітапханасы (Қазақ тілі, 6 сынып, IV тоқсан )

Сабақ жоспары: Елбасы кітапханасы. Конгресс кітапханасы (Қазақ тілі, 6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы: Елбасы кітапханасы. Конгресс кітапханасы.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау
Сабақтың мақсаттары:
Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау.
Сабақ барысы:
Суреттерге қарап, ой қозғау
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелер хабарланады.
Оқушылар бір, екіге санап, бір саны ішкі шеңберге, екі саны сыртқы шеңберге тұрады.
Жазылымалды тапсырма
2 минуттың ішінде сыртқы шеңбер оқушылары ішкі шеңбер оқушыларына кітапхана, кітап оқу туралы ақпарат айтып береді. 2 минут өткеннен кейін, оқушылар алмасып, ішкі шеңбер оқушылары кітапхана, кітап оқу бойынша ақпарат береді. Ішкі және сыртқы шеңбердегі оқушы бір-біріне жұп болып орындарына жайғасады.
Жұптық жұмыс. Жазылым тапсырмасы
Мәтіндегі грамматикалық, пунктуациялық қателерді дұрыстаңыз, оларды түсіндіріңіз.
1-мәтін
Конгресс — әлемдегі ең танымал кітапхана
Конгресс кітапханасының іргетасы 1800 жылы 24-сәуірде АҚШ президенті Джон Адамс мемлекет астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстырыу туралы заң қабылдаған да қаланды. Бұл заңда Конгреске қажет болатын кітаптар мен оларға арналған кітап сақтайтын қоймаларды жолдауға 5000$ бөлінді. Заң бойынша кітапхананың оқырмандар тізімінде тек АҚШ президенті мен вице-президенті, сенат мүшелері және палата өкілдері ғана болды. Кітапхананың конгресс аталуы да сондықтан.
Кітапхананың тұңғыш қорына 740 - кітап пен Лондонда сатылып алынған 63 - Американың географиялық картасы енді. 1804 жылы 4 наурызда президент болып сайланғаң Т. Джефферсон кітапхана қорының рөлі мен маңыздылығы мәселелерімен айналысты. Оның кезінде кітапхана қоры біршама ұлғайды. 8 жылдан кейін президенттік антын қабылдаған джеймс мэдисонның үлесіне 1812-1814 жылдары болған ағылшын соғысының ауыр жүгү түсті. Бұл ғылыми кітапхана өндірістік компаниялармен, жеке фирмаларға, зерттеу орталықтары, өкіметтік және ғылыми мекемелерге арналған. Кітапхананың кітап қорында құқықтану тарих саясат жаратылыстану техникалық ғылымдар мен анықтамалық әдебиеттер жайлы материалдар толық келтірілген. Кітапхана қорында бүгінде 30 миллионнан астам кітап пен 470 тен астам тілде жазылған баспа материалы, 58 миллион қолжазба, 4,8 миллион карта, 12 - миллион фото сурет сақталған. 1987 жылдан бері кітапхана директры Джеймс Биллингтон атқарып келеді. Қазіргы кезде кітапхана қолжетімді, бірақ белгілі бір шектеулер бар.
2-мәтін
Елбасы кітапханасы
Мекеме елбасының 2014 жылдың 13 нау-рызындағы «Қазақ¬стан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітап¬ханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» жар¬лығымен құрылған.
Кітап¬хана мұрағат қызметімен тікелей айна¬лыссада қызметтік сипаты әдеттегі көп-шіліктік кітап¬ханалардан өзгеше. Өйт¬кені бұл ны-сан – Елбасының жеке кітап¬ханасы, жеке мұрағаты. Президенттік кітапханалардың тарихына үңілсек, біздегідей тәжірибе АҚШ-та ғана, оның өзі бір-ақ рет орын алыпты. Би¬лік басында отырған кезінде Франклин Руз¬вельт өзінің президенттік орталығын жа¬сақтаған. Соның негізінде кейін оның есі¬мі¬мен аталған кітапхана-мұражай бой көтерген-ді.
Елбасы кітапханасы орналасқан кешен – Астана қаласының мақта¬нышына айналған сәулеттік туын¬дылардың бірі деп толық сеніммен айта аламыз. ғимарат 2013-жылы британиялық танымал сәулетші норман фостердің жобасы бойынша салынған. Жалпы аумағы – 28 мың шаршы метрден астам. Ғимарат аспанға яғни ұшар биікке ұмтылған көз жа¬на¬ры тәрізді. Ол өзіндік зәулім де қайта¬ланбас сыртқы келбетімен қазақ елінің қарыштап даму бағдарын, өмірлік жолын, қуатын көрсетеді. Мұнда Мемлекет басшысының қаты¬суы¬мен аса ауқымды әрі зор маңызға ие халық¬аралық, республикалық жиындар өткізіліп тұрады.
Ғимараттың 1-қабатында қазақстан республикасының тұңғыш Президенті – Елбасының жеке мұрағаты орналасқан. Ол Елбасының өмірбаяндық, шығармашылық материалдарынан, мемлекеттік және қоғам¬дық қызмет барысында жиналған құжат¬тардан тұрады. Жеке мұрағат қорында 127-мыңнан астам бірлік құжат жинақталған. Елбасы кітапханасының тағы бір ерек¬шелігі, онда мемлекет басшысына сыйға тартылған экспонаттар да сақта¬лады. Бүгін қорда 400ге жуық экс¬понат бар екен.
Мәдени мұра бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптар – «Бабалар сөзі», «Орыс, түрік, парсы, моңғол және қытай дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы» ойып орын алған. Мұнда Әлем әдебиеті галереясы да бар.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
Мұғалімнің қолындағы қорапқа әр оқушы өзінің сұрақтарын салады.
Кейін мұғалім оқушыларға қорапты қайта ұсынады. Әр оқушы қораптан бір сұрақтан алып жауап беруге дайындалады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 083



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?