Қоғам қайраткері – Дінмұхамед Қонаев (6 сынып, II тоқсан )
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі :Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Қоғам қайраткері – Дінмұхамед Қонаев
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, өмірбаян құрастырып жазу.
Сабақтың мақсаты: Мәтінге сүйене отырып, өмірбаян жаза алуға үйрету.
Сабақ барысы: 1-тапсырма. Ой бөлісуге арналған тапсырма
Суреттегі тұлғаны танисыздар ма?
Ол туралы не білесіздер?
Мұғалім мәтінмен жұмысты бастамас бұрын сұрақтар қойып, оқушылардың назарын тақырыпқа аударады.
2-тапсырма.
Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып оқып, негізгі ақпараттарды анықтауға шақырады. Негізгі ақпаратарды анықтау оқушының жазылым жұмысын (өмірбаян) жазуына көмектеседі.
Мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпараттардың астын сызады.
Анықтаған ақпараттарымен жұпта алмасып, бірі-бірін толықтырады.
Көрнекті тұлға
Дінмұхамед Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. 1930 жылы Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің түсті металл институтына оқуға жібереді.
1936 жылы институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған
Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.
1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен балабақша ғимараттарының құрылысы басталып, оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика сарайы, Спорт және мәдениет сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
3-тапсырма.
Жазылым тапсырмасы
Оқылым мәтінінен анықтаған ақпараттары негізінде Д.Қонаевтың өмірбаянын жазады. Алдымен өмірбаянды қалай жазатындарын топта талқылап алады.
Өмірбаянды жазуда құрылымын ескереді.
Жазған жұмыстарымен топта оқып бөліседі.
Қосымша қолдауды қажет ететін оқушыларға мұғалім өмірбаянның құрылымын қосымша ұсынуына болады.
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіппен баяндалатын құжат. Оны жазу барысында мынадай ақпараттарды қамтуға болады.
1. Аты-жөні
2. Туған жылы
3. Туған жері
4. Ұлты
5. Ел үшін еткен еңбектері
4-тапсырма.
Оқушылар жазған жұмыстарымен шағын топта бөлісіп, бір-бірін тексеріп, бағалайды.
Дескриптор
-Мәтіннен негізгі ақпараттарды іріктейді;
-Өмірбаян жазады;
-Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай құрылымды ескереді;.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?