Қ Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық драма театры (6 сынып, II тоқсан )

 Қ Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық драма театры (6 сынып, II тоқсан )

Пәні: қазақ тілі
Бөлім: Астана-өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Қ Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық драма театры
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау
Сабақтың мақсаты: Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.
Сабақ барысы: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Оқушыларды санамалау арқылы жұпқа бөлу.
Үй жұмысын талқылау
Астана қаласында қанша театр бар?
Мәліметтерді топтастыру.
Сабақтың оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Оқылым алды тапсырма.
Ауызекі сөйлеу стилі дегеніміз не?
Оқылым тапсырмасы:
1-тапсырма. Жұптық жұмыс
Мәтінді мұқият оқып, ондағы ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлемдер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз. Жауабыңызды жұбыңызбен алмасып, толықтырулар енгізіңіз.
Жәудір: Назерке, кешегі мектептегі хабарландыруды естідің бе?
Назерке: Қандай хабарландыру естімедім, Жәудір?
Жәудір: Тарих пәнінің мұғалімі бізді қаламыздағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында Д.Рамазанның "Абылайханның арманы" тарихи драмасына алып барады екен. Сен барасың ба?
Назерке: Сағат нешеде болады?
Жәудір: 18:30-да басталады.
Назерке: Жоқ. Мен бара алмайм.
Жәудір: Неге бармайсың?
Назерке: Қойш, уақытым жоқ!
Жәудір: Ал мен бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, тарихымыздан сыр шертетін қойылымды тамашалап қайтамын.
Мәтін
Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз тіркестері мен сөйлемде
Дескрипор Білім алушы
- мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады;
- жұбының жұмысымен салыстырады;
-қажеттілігіне қарай өз кестесіне толықтырулар енгізеді.
2-тапсырма
Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз.
А мәтіні
Хабарландыру
2018 жылдың 23 қарашасында Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамовтың 70 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш аясында орай «Қардағы көгершіннің ізі...» атты драмалық қойылымын тамашалауға шақырамыз!
Авторы: Ф.Бордон
Аударған: Тілектес Мейрамов
Режиссері: Т.Ахмет
Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театры.
Басталуы: сағат 14:00
Мекен жайы: Астана қаласы,. Ж. Омаров көшесі, 47-үй,
Келемін деушілерге есік ашық!
Ә мәтіні
Жәудір: Назерке, кешегі мектептегі хабарландыруды естідің бе?
Назерке: Қандай хабарландыру естімедім, Жәудір?
Жәудір: Тарих пәнінің мұғалімі бізді қаламыздағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында Д.Рамазанның "Абылайханның арманы" тарихи драмасына алып барады екен. Сен барасың ба?
Назерке: Сағат нешеде болады? Азанда ма?
Жәудір: 18:30-да басталады.
Назерке: Жоқ. Мен бара алмайм.
Жәудір: Неге бармайсың?
Назерке: Қойш, уақытым жоқ!
Жәудір: Ал мен бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, тарихымыздан сыр шертетін қойылымды тамашалап қайтамын.
Формасы
Жанры
Мазмұны
Стилі
Тілі
Дескрипор Білім алушы
- мәтіннің ұқсастығын анықтайды;
- мәтіннің жанрын, формасын, мазмұнын талдайды;
- мәтіннің тілдік ерекшеліктерін салыстырады.
Бағалау. «Бес жұлдыз» әдісі
Жауап бойынша оқушылар өздерін өздері бағалайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 575



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?