Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы (5 сынып, I тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас
Сабақтың тақырыбы: Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж1 Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.
ӘТН4.1 Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар
• Жоспарға қажетті сөйлемдерді орналастырады;
• Туынды және күрделі сөздерді біледі;
Көптеген оқушылар
• Жоспарға қажетті сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша орналастырады;
• Туынды және күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратады;
Кейбір оқушылар
• Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрайды;
• Кіріккен сөздің жасалу жолын дәлелдейді.
Сабақ барысы:
Т. Слайдтан суреттер көрсетіледі. Қойылған сұрақтар арқылы оқушылар атқа қатысты мәтінмен танысатынын және сөз құрамы туралы тапсырмалар орындайтынын біледі.
Тайбурыл
Көкдөнен
Ардакүрең Қара ат
Сұрақтар:
• Суреттегі Тайбурыл, Ардакүрең, Көкдөнен,
Қара ат деген атаулар туралы не білесіңдер?
• Олардың әрқайсысы неше сөзден құралған?
• Қандай сөздерге жатады деп ойлайсыңдар?
С. Серік Нұғыманның «Соғым» атты әңгімесін оқиды.
Серік Нұғыман
Соғым
Бүгін Нартайлардың үйінде кішігірім мереке. Соңғы кездері «соғым» деген сөз көп естіліп еді, енді соны көзбен көретін уақыт жетіпті.
Ертеңгілік шайын ішіп, далаға шығып еді, есік алдында төбедей кер ат байлаулы тұр екен. «Соғым осы болар» деп топшылады. Есік алдына біраз адам жиылып қалыпты. Көбі көршілер, кейбірі əкесінің достары. Жалаңдатып пышақ қайрап, тағы бірдеңелер істеп, əбігер боп жатыр.
Қастарына барып сəлем берді. Сəлемін алғанмен, аса елемеді. Бар назарлары кер атта. «Жақсы семірген екен» дейді бір-біріне қарап. Осы сөздерден Нартай өз болжамының дұрыс екенін білді. Алғашқы қар жауған. Бірақ күн жылы. Нартайдың атасы жұмысқа көп араласпады. Тек «ананы алай істеңдер, мынаны былай істеңдер» деп соғымшыларға жол-жорық көрсетіп жүр.
Жылқыны бауыздаған кезде əкесі келіп көзін жауып, көрсетпей қойды. «Неге?» деп сұрап еді, «Бала көруге болмайды» деді. Ары қарай аттың терісін сыпыру басталды. Бұл жұмыс тез-ақ бітті. Пышақтары қылпылдаған жігіттер демде іреп тастады. Енді етті боршалау басталды. Бұл жұмыс үйде атқарылды. Бұзылған ет ішек-қарнымен қосылғанда, алдын ала дайындалған жеке бөлмені алып кетті. Соғым семіз шығыпты. Нартай мұны үлкендердің əңгімесінен білді.
– Табан қазы, – деді бір аға бармағын көрсетіп.
– Одан да жоғары, – деді тағы бір аға келіспей. – Көресің. Аздан соң қазы ішекке сыймай əуре қылады.
Айтқаны келді. Тоңазысын деп далаға іліп қойған тұтас қабырғаны көтеріп əкеп, тілгенде, қыртысынан майы көп болып, білеуленіп жатты. Ішекке сыймаған соң жұқалап тіліп алып, шұжыққа тықты. Аралықта əжесі келіп «қуырдақ» деп, ет сұрап еді, əкесі алдында жатқан сүйектің етінен кесіп алып берді.
Əне-міне дегенше қуырдақ та дайын болды. Осы аралықта күн де батып үлгеріпті. Қызу əңгімемен ас ішкен кісілер «Сау болыңыздар?» деп қайта бастады. Дəл осы кезде Нартай бұрын көрмеген тағы бір жоралғыға куə болды.
– Қолүздік, – деді əкесі есікке беттеген соғымшы жігіттерге ет салынған бір-бір қалта ұсынып жатып.
Тапсырма №1
• Түсінбеген сөздерін тақтаға жазады. Соғым, кер бие, іре, боршала, жол-жора, қолүздік деген сөздерге көптеген оқушылар түсінбеуі мүмкін. Сыныпта ол сөздер туралы білетін оқушылар болса, түсіндіреді. Содан кейін бұл сөздер туралы қосымша дереккөздерден алынған түсінік оқуға беріледі.
Мұғалімнің тарапынан кері байланыс болады.
Тапсырма №2
Т. Берілген кестені «+» таңбасын салу арқылы толтырады.
Мәтіндегі сөздер Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер Қос сөздер Біріккен сөздер Тіркес сөздер
Бүгін
Соғым
Кер ат
Сәлем берді
Соғымшы
жол-жорық
Ішек-қарын
Табан қазы
Қуырдақ
Сау болыңыздар
Қолүздік
Ф. Әр топ өзінен кейінгі топтың кестелерін тексереді. Келіспейтін тұстарын топ мүшелеріне айтып, бірге талдайды. Мұғалім барлық топтың жұмысын бақылап жүріп, кейбір сөздердің дұрыс жауабын табуға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы көмектеседі. Мысалы, оқушылар «бүгін» деген сөзді шатастыруы мүмкін. «Бұл сөз екі сөзден құралған. Қандай сөз болуы мүмкін?» –деген сияқты сұрақтар қою арқылы оқушыны жетелегені жөн. Ол сөздің біріккен сөз екендігіне оқушылар өз жауаптарымен жетулері керек.
Бір топтың жұмысын түгел оқытып, басқа топтарға бағалатуға да болады.
Тапсырма №3
• ЖЖ. Кестедегі сөздерді әңгіме желісі бойынша қолданып, бір-бірімен сөйлеседі.
Тапсырма №4
Т. Оқушыларға мәтін бойынша құрылған жоспар бөліктері араластырылып беріледі.
Олар мәтіндегі мазмұнға сәйкес жоспар бөліктерін ретімен орналастырады.
Ретімен құрылған жоспар
Кіріспе
Нартай үйіндегі мереке.
Негізгі бөлім
1. Соғымға жиналғандар.
2. Соғымшыларға амандасу.
3. Кер биені сою сәті.
4. Табан қазы
5. Сыбаға беру
Қорытынды
• Ертерек аяқтап тастаған топтарға мәтін мазмұны бойынша басқаша жоспар құру тапсырылады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?