№16-сабақ Жазғы демалыс жобалық жұмыс (3 сынып, IV тоқсан )

 №16-сабақ Жазғы демалыс жобалық жұмыс  (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: №16-сабақ Жазғы демалыс жобалық жұмыс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау 3.1.6.1. интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;
- тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді үлгі негізінде қолдана алады
Оқушылардың көбі:
- тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;
- тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді қолдана алады
Оқушылардың кейбірі:
- жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;
- тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) сөздерді еркін қолдана алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (Т, Ұ)
«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі.
Үй тапсырмасы «Жазғы демалыс жобасы» бөлісу. Сөйлесу барысында бір-біріне:
- нақтылаушы сұрақтар қоюға;
- себебін сұрауға болады.
Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге орналасады. 1 минут ішінде қарама-қарсы тұрған оқушылар бір-біріне жоспарларын баяндап, қойған сұрағына жауап беріп, диалогке түседі. Уақыт өткен соң, белгі беріліп, сыртқы шеңберде тұрған оқушылар бір қадам оңға жылжып тұрады. Оқушылар жаңа жұбымен диалогті қайта бастайды. Осылай жұмыс жалғасады. Мұғалім шеңбердегі оқушылардың сөйлеу дағыдысын бақылайды. Қажет жағдайда бағыт береді.
Тапсырма соңында оқушылар өзара кері байланыс беруі ұйымдастырылады.
Маған ұнаған жоспар..., себебі...
Дескриптор:
- диалогке белсенді қатысады;
- сөйлеу барысында сөйлеу мәдениетін сақтайды;
- тақырыптан ауытқымайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлап, бағалау критерийлерін құрастыру.
Негізгі бөлім
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
(Ө, Ж, Т) «Бірлесіп оқу» әдісі. Жазғы демалыс лагері жобасы
Сурет негізінде тірек сөздер (7-9 сөз) белгілеу.
Сынып оқушыларымен бірге тірек сөздерді талқылау. Сынып оқушыларымен ортақ тірек сөздер қатарын белгілеу үшін мұғалім басшылық жасайды. Оқушылар кезекпен өзі жазған 1 сөзден атап, талқыланады. Ортақ белгілеген сөздер қатары дәптерге жазып алынады.
Оқушылар шағын топтарға отырған орындары бойынша топтасып, тірек сөздер негізінде сөз тіркестерін құрастырып жазады.
Сөз тіркестері негізінде суретте бейнеленген оқиғаны ретімен баяндауға дайындалады. Топ мүшелерінен бір-бірінің ойын жалғастырып, баяндау талап етіледі.
Топ оқушылары бір-біріне сұрақтар қоя алады. Өзара жауап береді. Мұғалім жұмыс үдерісін бақылап, оқушылардың жақсы идеяларын атап өтеді. Оқушылар жұмысты бағалау критерийлері бойынша өзара бағалай алады.
Дескриптор
- тірек сөздерді қолданып, әңгімелей алады;
- түсінікті әрі қызықты әңгімелей алады;
- көмекші сөздерді қолданып әңгімелейді.
Сергіту сәті. «Алақай жаз келді» әнін орындау.
https://www.youtube.com/watch?v=lULoBat5ezg
3.1.6.1. (Ұ, Т; Ө) «Консенсус» әдісі. Жазғы демалыс жобасы Талқылау сұрақтары:
- Өз аулаңдағы, бір көшедегі балалармен қандай клуб/шаралар ұйымдастыруға болады?
- Күнделікті кездесу барысында қандай ойын түрлерін ойнаған дұрыс?
- Қандай өмір қауіпсіздік негіздерін үнемі ескеру керек?
Төрт оқушыдан шағын топ құралады. Оқушыларға әрекеттерді талқылауы үшін әр топқа қағаз таратылады. Олар қағаздың шеткі бұрышына 1 минут ішінде әрқайсысы өз ойын қысқаша жазады. Жазып болған соң топ мүшелері жауаптарын талқылай отырып, қағаздың ортасына топтың ортақ пайдалы әрекеттер тізімін жазады. Топ жұмысын сынып алдында таныстырады. Басқа топ мүшелері нақтылау үшін сұрақтар қоя алады немесе пікір айтуға мүмкіндік беріледі. Әр топ өздері басымдылық берген әрекеттерді негізге алып ақылдаса отырып, постер құратсырады.
Дескриптор:
- постерді безендіреді;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды;
- тыңдарманның назарын көркем сөздер, ым-ишара, қимыл арқылы аударады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 571



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?