Қайта оралған теңіз (3 сынып, IV тоқсан )

 Қайта оралған теңіз (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Қайта оралған теңіз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Сабақ мақсаттары:
– мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтай алады;
– мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қоя білуді үйренеді.
Сабақ барысы: Сабақтың мақсатымен таныстыру
• мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтай аламыз;
• мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қоя аламыз.
Ойланайық, табайық.
Суреттерге қара. Балалар қайда келді? Олар нені зерттеп, білгісі келді деп ойлайсың?
«Түртіп алу»әдісі арқылы жүргізіледі. Ең алдымен, оқушылар тапсырма нұсқауымен танысып, суретке мұқият зер салады. Оқушыларға парақ қағаз беріледі. Қағазға өз ойларын түсіреді.
1. Маған таныс.
2. Мен үшін жаңа.
3. Бұл туралы тереңірек білгім келеді.
Содан соң оқушылар топта өз ойларын ортаға салады. Топта талқылау жүргізгеннен кейін ортақ бір шешімге келіп, сынып алдында қорғайды.
Сыныпты ұйымдастыру бойынша кеңестер. Бұл тапсырма нәтижесі әуелі жұпта, содан соң топта талқыланады.
«Ассоциация» әдісі
Ең алдымен, дәптерлеріне Арал теңізіне байланысты өздері білетін мәліметтерді жазады. Арал теңізі туралы мәлімет іздестіру.
Нәтижесін шағын топта талқылау.
Арал теңізі туралы түрлі дереккөздерден мәліметтер жинақта. Тобыңмен ақылдас.
1. Теңіз қайда орналасқан?
2. Ол бұрын қандай болған?
3. Оның қазіргі жағдайы қандай?
Оқиық және жауап берейік.
Мәтінді оқы. Оның бөліктерін мазмұнына қарай орналастыр.
Мәтінге ат қой. Негізгі ойды анықта.
Оқушылардың назарын мәтінге аудару. Оқушылар мәтінді оқиды. Мәтін ішінде ұғымы түсініксіз сөздер кездессе, «Сөздер жәшігіне» салады. Мұғалім жәшікке салынған сөздерді оқушылармен бірге талдай отырып, түсіндіреді. Сөздіктермен жұмыс жасағаннан кейін тапсырмаларды орындауға көшеді.
«Үлкен шеңбер» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсіл бойынша оқушылар жұмысы екі кезеңде өтеді.
1.Топ сынып ішінде ішінде үлкен шеңбер құрып отырады.
Мұғалім мәтін бөліктерін мазмұнына қарай орналастыру керектігін түсіндіреді.
2. Белгілі бір уақыт ішінде (2-7 минут) әрбір оқушы жеке жұмыс жасайды: берілген мәселе төңірегінде ойланып, дәптеріне мәтін бөліктерін рим цифрымен белгілеп көрсетеді.(Әңгіменің басы - ІІ бөлік, ортасы - ІІІ бөлік, әңгіменің соңы – І бөлік.)
Оқушы осылайша мәселені шешудің өзі ұсынған жолдарын жазады.
3. Шеңбер бойынша әрбір оқушы кезекпен өз ұсыныстарын оқиды. Содан кейін мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауды сұрау.
Мәтіннің жинақтаған мәліметтерден қандай айырмашылығы бар?
Ұқсастығы неде?
Бірге орындайық
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім сұрақ белгісін көрсеткенде оқушы сұрақ белгісі бар сөйлемді іс-қимылмен көрсетеді. Осылайша нүкте, леп белгісі көрсетіледі. Содан соң тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырады.
Дифференциация:
Үлгерімі төмен оқушылар мұғалімнің көмегімен жұмыс жасайды.
Қабілеті жоғары оқушыларғабұл сөйлемдерді лепті сөйлемдерге айналдыруға тапсырма беріледі.
Құрастырайық
Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдыр.
Бораған құмнан балалар үйге тығылады. Кенет жаңбыр сіркірей бастады. Алыстан шуыл естілгендей болды. Теңіз қайтып келе жатыр. Азаматқа көрші балалар қосылды.
Неге? неліктен? сұрақтарын пайдаланып, мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сауалдар құрастыр. Топ бойынша ортақ сауал дайында.
«Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» әдісі
Мәтіннің бірінші бөлімі бойынша жұптағы А оқушы В-ға неге? неліктен? сұрақтарын қатыстырып, жазбаша сұрақтар қояды, В оларға жауап береді. Екінші бөлімнен кейін, керісінше, енді В оқушы А-ға сұрақ қояды. Соңынан А мен В бірлесе мұғалімге сұрақтар дайындайды.Бірнеше жұптың сұрақтарын тыңдайды, оларға өзі жауап береді немесе ол сұрақтарға басқа оқушылардың жауап беруін талап ете алады.
Сұрақтар жазылған парақтарды сабақ соңында жинап,келесі сабақтаоқушылар жұмысына рефлексия жасап, ауызша немесе жазбаша түрде жеткізеді.
Жазайық. Мәтінде қарамен берілген сөйлемдерді қатыстырып, теңіз туралы постер құрастыр.
Тіршілікке қуаныш сыйлап, қайта оралып жатқан теңіз туралы постер құрастыру тапсырылады. Ол үшін оқушылар теңіздің бұрынғы мен қазіргі келбетін елестетеді.
Оқушыға «егер сен сол жерде болсаң, не істер едің?» деген сұрақ қою арқылы оларды ойландырады. Мұғалім постер құраудың ережесін ұсынады немесе сыныппен бірге анықтайды.
Постерге қойылатын талаптар:
постерді жасауға және таныстыруға топ мүшелері толық қатысуы керек;
постерді безендіру кезінде, оған мәліметтерді жазу орналастыру барысында бас әріп пен кіші әріптердің мөлшері мен биіктігін сақтауды ескеру керек;
постерді әр топ жеке қорғайды;
содан кейін әр топ басқа топтың жұмысына баға береді;
оқушылар топта өзара ақылдасып, ұнаған постерге, жоғарыдағы талаптарды орындаған топ жұмысына смайлик жапсырады.
Дифференциациялық тапсырма
Қабілеті төмен оқушы:
Арал теңізі туралы үш сөйлем (хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем) құрастыруды тапсы- руға болады.
Қабілеті жоғары оқушы:
Оқушыларға сөздердің анықтамасын жазу тапсырылады. Мысалы, Көпір – ол ..., ескек – ол ..., компьютер – ол ..., батарея – ол ... ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 921



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?