№13-сабақ Мәтіндерді салыстыру Сөз таптарын пысықтау (3 сынып, III тоқсан )

 №13-сабақ Мәтіндерді салыстыру Сөз таптарын пысықтау (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Өнер
Тақырыбы: №13-сабақ Мәтіндерді салыстыру. Сөз таптарын пысықтау
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды
сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады
Оқушылардың көбі жасай алады:
- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
- тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды
сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
- қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
- мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды
сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбер
Күліп шықты Күн бүгін!
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық!
- Әлемді нүр тыныштық,
Әрбір бейбіт күн ыстық.
Қайырлы таң бақшамыз,
Қайырлы күн достарым!
3.4.2.3 Миға шабуыл ( Ұ) «Кім жылдам?» ойыны
Интербелсенді тақтадан ұяшықтарды басып,жартылай шыққан суреттің не екенін жылдам айту керек және ол затты сипаттап, сұрақтарға жауап беру керек.
-Суреттегі заттарға қандай сұрақ қойылады?
(Не? зат есім)
-Үйрек не істейді? (етістік)
-Үстелдің неше аяғы бар? (сан есім)
-Құлпынайдың дәмі қандай? (сын есім)
1-тапсырма 3.1.3.1 (Т) Бір, екі, үш деп санай отырып топқа біріктіру
Берілген жағдаяттан шығуда жоспарлы, жүйелі сөйлеу. Жағдаят үлгісі:
Әкең сенен «Жас суретші» студиясына жазылуыңды өтінді. Бірақ сенің «Қолөнер» үйірмесіне қатысқың келеді. Бұл жағдаяттан қалай шығар едің?
Әр топ өз жағдаяттарынан шығуға сай сөздер тізбегін құрсатыру керек
Дескриптор:
-жағдаят мазмұнына сай сөздер тізбегін тиімді қолданады;
-дәлелді ой тұжырымын жасайды;
-сөйлеу барысында тиісті дауыс мәнерін қояды.
Қ.Б: топтар бір-бірін екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалайды
Саралау: «Қарқын» тәсілі
- Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.
2-тапсырма 3.2.6.1 (Ж.Ж) «Төрт сөйлем» әдісі
Екі мәтінді түсініп оқып, тақырып туралы пікірлерін жазады. Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын айту
Пікір: Оқылған мәтін бойынша өз ойларыңды бір сөйлеммен жазыңдар
Дәлел: Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.
Мысал: Әр мәтінді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.
Қорытынды: Мәтіннің айырмашылығы мен ұқсастығы бойынша қорытынды шығарыңдар.
Әже өнері.
Маржан қалада оқитын. Жазғы демалыста ауылға келді. Әсіресе әжесін сағынып қалыпты. Қасынан шықпады. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі-түсті оюлар салып, текемет басады. Әшекей - өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй мүліктерінің көбі әжесінің қолынан шыққан.
Сырмақ
Ақ киізді қарамен жымдастырып,
Оюларын бір қиып, бір жапсырып,
Жүн-жұрқаны жайып сап төр алдына,
Отыратын еді әжем сырмақ сырып...
Мұра деген бар ғой бір орынды ұтым,
Мұрагерлік қағады қолыңды кім —
Берді ана қастерлеп үй боларда
Өзіме арнап сырылған соның бірін.
Сол сырмақтың мүйіздеп өрнектелген
Айналасын қызылмен зерлеп берген,
Әжем таусып көз майын сырып еді,
Енді өзі жоқ, көзіндей көр деп берген.
Қиын болды қастерлі сый алғаным -
Келді оған ерекше күй арнағым.
Есіктен төрге дейін таптайтұғын
Тастауға жерге төсеп қия алмадым.
Артық сөйлеп етпейін күнді қысқа -
Білмен бірақ бұрыс па,
Бұл дұрыс па?
Өзгедей жөнін таппай ақыры оны
Сүйедім шиыршықтап бір бұрышқа.
Дескриптор:
-тақырып туралы пікірін жазады
-мәтіннің айырмашылығы айтады
-мәтіннің ұқсастығын айтады
Қ.Б: жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалау
Саралау: « Диалог және қолдау көрсету» тәсілі
- Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.
Сергіту сәті «Жақсы»
Күннің шыққан жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алқандарын соғады)
Желдің соққаны жақсыма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алқандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнеледі)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы!(алақандары соғады)
3-тапсырма 3.4.2.3 ( Ж) Өздік диктанты
Жаңылтпашты бірнеше рет оқу арқылы жаттап алып, жатқа жазу. Жаңылтпаштан сөз таптарын табу
Тоғай толған торғай бар,
Торғай тоғайды ұнатады.
Тоғай торғайды қуантады.
Жүз кісіден жүзгішті жүзгіш дей ме,
Жүзгішіңнен жүзгішті жүзгіш дей ме.
Жүзгіш жүзген уақытта жүзе алмайды,
Жүзден озған жүлделі жүзгіш кейде.
Дескриптор:
-жатқа жазады
-сөз таптарын анықтайды
Қ.Б: мадақтау арқылы
Саралау: «Қорытынды» тәсілі
- Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 938



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?