№ 9-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері (3 сынып, III тоқсан )

 № 9-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: № 9-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- үлгі негізінде зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
Оқушылардың көбі:
- тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды
анықтай алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Тілек шеңбері».
Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне есімінің бастапқы әрпінен басталатын жылы лебіз, тілек айтады.
Ой шақыру
• Буратиноға тәуелденген сөзді табуға көмектес.
Оқушыларға қосымшаның сөзге қандай мағына үстеп тұрғаны анықтатылады. Олар тәуелдік жалғаудың не екенін өздері тұжырымдап, қорытынды жасайды. Ереже шығарады.
(қолы: қол - түбір,- ы – ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрде, сөзі: сөз – түбір, - і - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше)
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылып, бағалау критерийлері айтылады.
ІІ. Негізгі бөлім
Кестемен жұмыс
Кестенің көмегімен мұғалім тәуелдік жалғаулы сөздердің үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылатынын аңғартады.
Зат есімнің тәуелденуі
жақ жекеше көпше
І жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
-м, -ым, -ім
(әжем, дәптерім)
-ң, -ың, -ің
(әжең, дәптерің;
әжеңіз; дәптеріңіз)
-сы, -сі, -ы, -і
(әжесі, дәптері) -мыз, -міз, -ымыз, -іміз
(әжелеріміз, дәптерлеріміз)
-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз
(әжелерің, дәптерлерің, әжелеріңіз, дәптерлеріңіз)
-ы, -і
(әжелері, дәптерлері)
Тәуелдік жалғау – сөзді қатынасқа түсіретін қосымшаның бір түрі. Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді ( меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті,тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады
ЕСІҢЕ САҚТА!
күрделі мәселе – түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тәуелдік жалғауы жалғанғанда, түбір сөздің соңғы буынындағы ы, і дыбыстарының түсіп қалатындығы. Мысалы:
халық + ым – халқым
ауыл + ым – аулым
бөрік + ім – бөркім
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
(МК, Ө) Көркем жазу.
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөйлем жазады.
Дәптерге алфавиттік сөйлемді қатесіз жазу.
Мысалы: Жж Жж Жж жжж жжж жжжж жжжж
Жанұя жарастығы - жақсылық жаршысы.
Бағалау дескрипторы:
- Сөйлемді каллиграфиялық талапқа сай жазады;
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
(МК; Ө) Мәтінмен жұмыс.
...........................................
Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, әншi, күйшi, аңшы — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, адами қасиеттердi қатар сiңiрген. Ер баланы бес жасынан бастап азамат болғанға дейiн тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, қолөнер шеберлiгiне баулыған. Әсiресе әкелерi мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның түрін үйретiп баққан.
Себебі қазақ баласы осыған лайықты деп топшылаған.
• Мәтінге ат қой.
• Тәуелденген зат есімдерді тап.
• Сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.
Мәтінге байланысты ықтимал тақырыптар:
(Ата көрген оқ жонар, Ата өнегесі, Жігітке жеті өнер де аз. Өнерді үйрен де жирен т. б.)
Тәуелденген зат есімдерді тап. (әкелерi: әке- түбір,- лер – көптік жалғау, - і - ІІІ жақ, тәуелдік ж. көпше түрде, аталары: ата - түбір, - лар – көптік жалғау, - ы- ІІІ жақ, тәуелдік ж. көпше түрде. баласы: бала – түбір, - сы - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрде)
Сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз:.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 335



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?