№ 4-сабақ Сөз таптары (3 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: № 4-сабақ Сөз таптары
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
-тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
-сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
-сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушы назарын сабаққа аудару.
Осы біздер қандаймыз?
Талабы биік таудаймыз
Ақылдымыз,парасаттымыз, көңілдіміз
Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқормыз
Көп оқимыз
Өнерліміз
Жанып тұрған шырақпыз!
Елімізді өркендететін,
Бабаларға тағзым ететін.
Біз қазақ елінің болашағымыз.
«ВЕЕР» әдісі
Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сөз таптарына байланысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1.2.1 (Ө,Ж Т)
Берілген тақырып пен бейнесуреттің көмегімен мәтін құрастыру. Тапсырма «Суретті әңгімеле» әдісі арқылы орындалады.
Домбырашы бала
Сұрақтар:
-Мәтіннің тақырыбын оқы.
-Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін?
-Суреттен кімдерді көріп отырсыңдыр?
-Атайдың немересі қандай бала?
Оқушылар топта мәтін құрайды. Әңгіме құрастыруда сөз таптарын пайдалануына бағыт беріледі.
Жазба жұмыстарының талаптарын мұғалім тақтаға іліп қояды.
- Ойыңды жүйелі жеткізу;
- Мәтіннің құрылымдық бөлігін сақтау;
- Қатесіз, таза жазу;
- Уақытты үнемді пайдалану;
«Автор орындығы» стратегиясы бойынша жұмыстарын топта жариялайды.
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.
Бағалау дескрипторы:
-тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрастырады;
-мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
-сөздерді мағынасына сәйкес қолдананады;
Сергіту сәті
«Кім шапшаң» ойыны. Бір нұсқаның оқушысы сөз тіркесін айтады. Екінші нұсқа оқушысы сөз тіркесіне сөйлем құрастырады.
әдемі қызыл
ағаш
күмбірлеген
оюлы жылы
3.4.2.3 (Ұ,Ө,Т) сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;
Мәтінді оқы. Мәтіннен кестенің әр бағанына сәйкес екі сөз тауып жаз.
Астана қаласында Алып Үш бидің ескерткіші бар. Үшеуі де биік тастың үстіне орнатылған. Біріншісі - Қазыбек би, ортада -Төле би, үшіншісі - Әйтеке би. Үшеуінің де еңсесі биік, қауғадай сақалдары бар. Көздері алысқа тігіледі. Біздің болашаққа қарап отырған болар, балалар? «Ұрпағым қандай болар екен?» деп ойға шомып кеткендей үшеуі.
Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
Оқушылар тапсырманы бірінші жұпта орындайды. Сонан соң топта оқып береді талдайды, пікір алмасады. Әрбір топ бір- біріне оқып береді. Топ оқушылары топ жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Бағалау дескрипторы:
-зат есімді анықтайды;
-етістікті анықтайды;
-сын есімді анықтайды;
-сан есімді анықтайды;
3.3.5.1 (Ө, Ж) жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету;
Мәтінді оқы. Асты сызылған сөздерде жіберілген қатені түзетіп, көшіріп жаз.
«Қате болса, тауып көр» әдісі
Күй атасы - Құрманғазы кедей шаруанын баласы. Ол жаснан ән- күйге әуес болған. Ол Ұзақ күйшүден тәлім алған еді. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шындап отырды.
Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Бір - бірінің жұмысын тексереді. Қатесін тауып, түзетеді.Өзара бағалайды.
Бағалау дескрипторы:
-жіберілген қателерді анықтап, түзетеді;
-каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады;
3.4.2.3 (Ұ,Ө,Т) Тест .Саралау
№ Тапсырмалары иа жоқ
1 Заттың атын білдіретін сөздер кім?, не?сұрақтарына жауап береді.
2 Сын есім не істеді?, қайтті ?деген сұрақтарға жауап береді.
3 Етістік заттың қимылын, іс- әрекетін білдіреді.
4 Зат есім жалпы есім, жалқы есім болып бөлінеді.
5 Сан есім заттың атын білдіреді.
6 Сын есім заттың түрін, түсін, сапасын білдіреді.
7 Кара, арық, сәнқой сөздері қандай? cұрағына жауап береді?
Жұпта бір - бірін тексереді. Соңында тақтаға дұрыс нұсқасы ілінеді. Қателері түзетіледі.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?