№ 1-сабақ Өнерлі жігіт Сөз таптары (3 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: № 1 Өнерлі жігіт. Сөз таптары
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар
-жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
-сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады
Оқушылардың көбі:
-тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
-сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады;
Оқушылардың кейбірі:
- сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжауды үйренеді;
-тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
-сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Бір қадам алға» әдісі
Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды.Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім үстеліне жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.
- Сөз таптары нешеге бөлінеді?
- Зат есім нені білдіреді? Сұрақтарын ата.
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
- Заттардың қимылын іс- әрекетін білдіретін сөздер....
- Заттың түрін түсін білдіретін сөздер...
- Неше?, қанша?, нешінші сұрағына жауап беретін сөз табы....
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1.2.1 (МК; Ө; Ұ;Ж) Берілген суреттер арқылы мәтіннің мазмұнын болжау.
Берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжау жұмысы ұйымдастырылады.Тапсырма «Бортты журнал» әдісі арқылы орындалады.
Болжам Жаңа ақпарат
Сурет бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек? Бұл туралы енді не білемін? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?
Оқушылар бұл тапсырманы жұптасып орындайды. Сурет бойынша өз ойларын айтады.Журналыдың екі жағын салыстыра отырып, ақпаратты қосады, жазғандарын сыныпта талдайды. Мұғалім оқушыларға қолдау жасап, бағыт-бағдар береді.
Бағалау дескрипторы:
- суреттер арқылы мәтін мазмұнын болжайды;
- болжамын толық жеткізе алады;
3.1.1.1 (МК; Ө; Ұ ) «Өнерлі жігіт» мәтіні тыңдатылады немесе оқып беріледі.
Өнерлі жігіт
Әл-Фараби бір күні базарға барса, өңі келісті, жарқын жүзді бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отырады. Оны қоршап алып тамаша көргендер біртіндеп өтіп жатады. Сонда Әбу Насыр оған жақындап барып:
- Күніне қанша табасың? – дейді. Екі дирхемге жетер-жетпес.
- Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, - деп оны ертіп әкетеді.
Бұл сөзді естіген саудагер мен делдалдар:
- Мына диуана дәруіштің дені сау ма? Жетімді есіркей қалды ғой, өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем өз жанынан төлегені несі? - деп күледі.
Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.
Ел аузынан
Тыңдаған мәтіннен тірек сөздерді белгілеу үшін мұғалім мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Әр сұрақтың құрамындағы сұраулы мағына білдіретін сөздің жауабы тірек сөздердің қатарын құрайтындығына оқушылардың назары аудартылады. Мысалы,
1.Кім базарға барды? (Әл-Фараби)
2. Ол қандай жігітті кездестірді? (өңі келісті, жарқын жүзді , жас) .
3. Әбу Насыр не деді? (қанша табасың, таста, маған ер, оқу үйретемін, төрт дирхем беремін) т.б.
1.Топ оқушылары жабық сұрақтарға жауап береді.
Жабық сұрақтар:
1. Бала үлкен ғалым болу үшін не істеді деп ойлайсың?
Себебі.....
2. Cен баланың орнында болсаң не істер едің?
3. Мәтін не себепті «Өнерлі жігіт» деп аталған?
Оқушылар «Бармақ» арқылы топ оқушыларын өзара бағалайды.
2.(Т) Мәтіндегі түсініксіз, жаңа сөздердің мағынасын сөздіктерден табу. Қабілеті жоғары оқушылар сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды..
Дирхем, делдал, есіркей қалу, диуана дәруіш.
Бағалау дескрипторы:
- тыңдаған мәтінбойынша тірек сөздерді белгілейді;
- ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
- сөздердің мағынасын сөздіктен таба алады;
3.4.2.3 (МК; Ө; Ж)
1.Көркем жазу
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада түсіндіріліп, көрсетіледі.
Өө Өө Өө Өнерлі елдің өресі биік
2.Мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазып, сөз таптарына талда.
Әл-Фараби бір күні базарға барса, өңі келісті, жарқын жүзді бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отырады. Оны қоршап алып тамаша көргендер біртіндеп өтіп жатады.
Жазғандарын жұпта өзара тексереді., талқылайды, қате болса түзетеді. Өзара бағалайды. Кері байланыс жасайды.
Бағалау дескрипторы:
- сөздерді сөз таптарына талдайды;
- қатесіз, ұқыпты көшіреді;
3.Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір
Сөз таптары сөздер
Зат есім әдепті,қызыл,арық,қышқыл
Етістік жеті,тоғыз,жиырма,он екі
Сын есім сурет,мүсін,әнші,аққу
Сан есім ұшты,биледі,тазалады,өсті
Топтық жұмыс ұйымдастырылады.Топ оқушылары жұмыстарын тақтаға іледі. Топ оқушылары бір- бірінің жұмыстарын стикерлер арқылы бағалайды.
Жасыл түс- бәрекелді!
Сары түс- жарайсың!
Жасыл түс – ойлан!
Бағалау дескрипторы:
- сөздерді сөз таптарына талдай алады;
- сөз таптарының сұрақтарын қолдана алады;....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?