№4 сабақ Түбір және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )

 №4 сабақ Түбір және туынды сөз (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі:Сәулет
Сабақ тақырыбы: №4 сабақ. Түбір және туынды сөз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды
Оқушылардың көбі:
Туынды сөздердің құрамына ажырата алады
Оқушылардың кейбірі:
туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады.
сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал
- Балалар, сабаққа дайынбыз ба?
- Онда, қане, көңіл-күйімізді реттеп алайық.
Армысың, алтын күн!
Армысың, жақсы дос!
Бос өтпей әрбір күн
Білімге білім қос!

Үйге тапсырмасын тексеру.
Сәйкестендір.
Қайсысы ненің анықтамасы болып табылады? Тап жәнесәйкестендір.
Сөздерді оқы. Бәрі түбірлес сөз бола ала ма? Тек түбірлес сөздерді көшіріп жаз. Әр сөздің түбірін тиісті белгімен белгіле.
Бала, балақай, балақан, баламен, балалық.
Сый, сыйлау, сыйлық, сыйлы.
Ек, егін, егіндік, егінші, егінді.
3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
(ЖЖ) Табайық
Мақалдарды жатқа жаз. Мақалдардан түбірлес сөздерді тап. Оларды құрамына қарай талда. Түбір және жұрнақты тиісті белгімен белгіле.
Өнерлі жігіт өрге озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
Білімдінің күні жарық,
Білімсіздің күні ғаріп.
Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып белгіле.
Ойыншық, кәсіпкер, қуырдақ, балалық, тілек, кенші.

(МК,Ұ) «Айша бибі кесенесі» және «Ғажап көрме» мәтіндерін салыстыру. Мәтіндердің тақырыбын, стильдік ерекшеліктерін анықтау. Жанрлық ерекшеліктеріне қарай ажырату. Мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.
Эйлер Венн диаграммасын толтыру.
А- айырмашылығы, Ұ- ұқсастығы.
Айша бибі кесенесі
Біз өткен оқу жылында Айша бибі кесенесіне бардық. Ол Тараз қаласына таяу жерде екен. Бізді бастап барған ұстазымыз кесене туралы көптеген мәлімет айтып берді. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылына орналасқан кесене XI-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші екен. Сыртында түрлі оюлары бар кесектермен қаланған көне құрылыс Қазақстанда теңдесіз. Оның әуелгі қалпы таяу жылдарға дейін тек батыс қабырғасында ғана сақталыпты.
Мазар сырты Орталық Азиядағы түрік халықтарының көне ою-өрнектерімен безендірілген. Кесенедегі бағаналардың біріне араб әрпімен «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...» деген терең мағыналы сөздер жазылыпты. Мұғалімнің айтуынша, көне құрылыстан ортағасырлық сәулет өнерінің дәстүрі аңғарылады екен.
Ескерткішті тарихтан белгелі Қарахан (Әулие ата) салдырыпты. Бізді кесененің ерекше сәулеті ғана емес, оның салыну тарихы да қызықтырды. Аңыз бойынша, Айша бибі өзінің күйеуі Қарахан батырды іздеп келе жатқанда жылан шағып қайтыс болыпты.
Қазіргі таңда көне құрылыс республикалық маңызы бар ескерткіштердің тізіміне еніп, мемлекет қорғауына алынған. Біз туған жерімізде осындай тарихи орынның барын мақтан тұтамыз.
Жанар Тойбай
Берілген «Айша бибі» кесенесі және «Ғажап көрме» мәтіндерін оқушылардың түсініп оқуын қамтамасыз етеді. Екі мәтіннің де мазмұны бойынша сұрақтар қойылады:
1 Мәтін не туралы? (Кесене, көрме)
2 Мәтінде айтылған нысандар қандай өнер түріне жатуы мүмкін? (Сәулет өнеріне)
3 Берілген мәтіндердегі ортақ тақырыбы немесе ұқсастықтары неде деп ойлайсың? Не себепті?
Дәлелдеуге тырыс. (Тақырыптары -Сәулет өнері. ...XI-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші екен. ...Сыртында түрлі оюлары бар кесектермен қаланған көне құрылыс Қазақстанда теңдесіз. ...Қазіргі таңда көне құрылыс республикалық маңызы бар ескерткіштердің тізіміне еніп, мемлекет қорғауына алынған.
Ғажап көрме
Елімізде жас қала,
Ол – әйгілі Астана.
Елбасымыз көтерген
Көп өміршең бастама.
Жасартып тез қаланы,
Жаңартып қос жағаны,
Арнасында толықсып,
Есіл баяу ағады.
Ақ Ордалы Бас қала,
Ол – ғажайып Астана.
Сәулетті де дәулетті,
Құт, бақытқа баспана.
***
Гүлзарларға бөленген
Есілімнің сол беті.
Көрмені кеп көрем мен
Ол – ЭКСПО-17.
Көрмегім де көп екен,
Жетерме екем, сірә мен.
Қарайды, әне, төбеден
Керемет шар – «Нұрлы әлем».
Сол керемет ішінде
Ұлтымның бар өрнегі.
Кім көріпті түсінде
Мұндай ғажап көрмені.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 914



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?