2-сабақ Сөз құрамы Бәйтерек туралы аңыз (3 сынып, II тоқсан )

 2-сабақ Сөз құрамы Бәйтерек туралы аңыз (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: 2-сабақ. Сөз құрамы.Бәйтерек туралы аңыз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі, сөйлеу барысында қолданады;
Оқушылардың көбі:
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте
ажыратады, сөйлеу барысында қолданады;
Оқушылардың кейбірі:
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажыратады, сөйлеу барысында орынды қолданады.
Сабақ барысы: (ЖҚ) Білімді бекіту. Үй тапсырмасын тексеру:
Жұмыс дәптері 54 бет, Ойлан, тап!, Анықта
Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.
Оқушыларға төмендегі тапсырманы орындау ұсынылады. Оқушылар сөз құрамын еске түсіреді. Сөздерді кестеге үлгі бойынша жазады.
Теңіз, кітап, дәрігер, теңізші, балық, кітаптан, дәрігер, теңізде, теңізшілер, балықшы, кітапхана, балықшылар, дәрі, кітапханада, балықты, дәрігерге.
Түбір
сөз Туынды түбір Түбір+
жалғау Туынды түбір+
жалғау
теңіз теңізші теңізде теңізшілер
3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
Ширату «Ойымызбен бөлісейік» айдары бойынша жұмыс
«Бәйтерек» монументі туралы не білетіндері туралы сұралады және видеосы көрсетіледі.
(М) «Бәйтерек» аңызы тыңдатылып, мазмұны айтқызылады.
«Бәйтерек» – ежелгі түркі сөзі, бәй «үлкен» деген сөз, «бай» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі (бәйбіше, бәйшешек), үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды береді. Демек Бәйтерек екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді білдіреді.
(МК, Ө) Көркем жазу
Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен көлемін көрсету. Үлгі бойынша жазу ұсынылады.
(Ө,Ж,Т,Қ) «Оқиық және жауап берейік» айдары бойынша жұмыс.
(Оқулықтың 6-7 беті).
(Ө) «Бәйтерек» аңызын тыңдау және мазмұнын айту. Сөздің шығу төркінін табу.
Ертеде өмірдің бастауын бейнелейтін ағаш болған. Сол ағаштың басына Самұрық құсы жыл сайын алтын жұмыртқа салған.
Жұмыртқадан балапан жарылып шығыпты. Бір айдаһар ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз, күнәсіз балапанды жұтып қояды.
Жер асты патшалығына түсіп қалған батыр болыпты. Алыс жолдардан келе жатса, балапанға ұмтылған айдаһарды көріп, садақпен атып өлтіреді.
Самұрық балапанын ажалдан аман алып қалған батырға риза болыпты. Ол батырды жер астынан жер үстіне алып шығады.
Ертегі арқылы, өмірде қиял шындыққа айналып «Бәйтерек» бой көтереді. Енді өзінің жарқыраған сәулесімен елордаға нұрын төгіп тұр.
Бәйтеректің жоғары бөлігінде алтын түсті алып шар орналасқан. Шардың диаметрі 22 метр, салмағы 300 тонна. «Аялы Алақан» - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің оң алақанының бедерлемесі.
Жоспар үлгісі
1. Тіршілік ағашы
2. Қасиетті самұрық құс
3. Маңызды күрес
Жоспар құру, мазмұндама жазу
Талқылау үшін арналған сұрақтарға жауап іздеу, ой бөлісу.
- Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қою.
- Бәйтерек қандай ағаш?
- Аңыздың кейіпкерлері кімдер?
- Аңыз ненің белгісі?
- Бәйтерек нелерде бейнелеуде?
- Бәйтеректің жоғары бөлігінде не орналасқан?
- Шардың диаметрі мен салмағы қанша?
- «Аялы алақан» кімдікі?
3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
Дәптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. Сауаттылық хаты
І деңгей:
Мәтінді суретпен бейнелеп, мәтіннің мазмұнын ашу.
Астана сөзін жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.
ІІ деңгей:
Берілген сөздерден сөйлем құрастырып,сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап
1.Болашағы, зор, Астананың.
2.Астанада, ғимараттар,ғажап, зәулім,жатыр, салынып.
3.Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада.
4.Астана, Арқаның, төрінде, орналасқан.
5.Қала, жас, сұлу, Астана, ең.
ІІІ деңгей:
Бәйтерек – сөзін семантикалық карта бойынша толтыру
Оқушылардың жазба жұмыстары тексеріледі.
Ой шақыру стратегиясы.
Бағалау. Марапат қағаздарын беріп, оқушылардың бүгінгі сабаққа қалай қатысқандарына тоқталып өту.
Балалардан өзддері білетін мақал-мәтелдерін сұралады .Отан туралы мақал-мәтелдің мән-мағынасын ашу.
Жасырылған мақал-мәтелдерді шешіледі.
Рефлексия. Сабақты бекіту.
«Ойлы болсаң – озып көр»
1. Бәйтеректің жоғары бөлігінде не орналасқан?(алтын шар, жұмыртқа сияқты)
2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
3. «Қазақстан жолы» кітабының авторы кім?(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
4. Астанадағы ұзындығы 214 метр болатын көпір қалай аталады?
5. Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала қалай аталады?(Есілдің жағасында Астана қаласы орналасқан)
6. Шардың диаметрі мен салмағы қанша?(Шардың диаметрі – 22 м, салмағы 300 тонна)
7.«Аялы алақан» кімдікі?»Аялы алақан» Елбасынікі.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 086



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?