38-сабақ Дыбыстардың үндесуі (3 сынып, II тоқсан )

 38-сабақ Дыбыстардың үндесуі (3 сынып, II тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Бөлім:Уақыт
Сабақ тақырыбы: 38-сабақ Дыбыстардың үндесуі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
- сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады;
- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;;
Оқушылардың көбі:
- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
- қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айта алады;қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айта алады;
- жіберілген орфографиялық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
- сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтай отырып айта алады:сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтай отырып айта алады:
- жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетіп, шапшаң жазады;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
(ҰЖ) «Доппен қозғалыс» әдісі
Мақсаты: Оқушылар берілген тақырып туралы ойларын жүйелейді, сабаққа қызығушылығын арттырады. Бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.
Оқушылар ортада дөңгелене тұрады. Жүргізуші шығып, допты кез-келген балаға сабақта өткен тақырыпқа қатысты сөз айтып, лақтырады. (дыбыстар, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, жуан дауысты дыбыс т, б) Допты қағып алған бала сол тақырыпқа байланысты білетінін айтады. Осылайша ойын жалғасын табады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады.
ІІ. Негізгі бөлім
(МК, Ө) Көркем жазу.
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Жж ЖЖЖ жжж жұлдыз жүлдегер жігерлі жеңіске жүлделі
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.
3.2.4.1 (Ө, Т, Ж, қ) Мәтінмен жұмыс.
«Өмір-уақыт» аңыз әңгімесі
Мұғалім аңызды әңгімелеп береді. (Қажет жағдайда қайта айтады)
Мақсаты: Оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту, аңыздағы негізгі ойды анықтауға дағдыландыру.
Аңызды тыңда.
• Аңыз не туралы? Ондағы негізгі ойды анықта.
• Аңыз әңгімеден тірек сөздерді тап.
• Аңыз неліктен «Өмір-уақыт» деп аталған деп ойлайсың? Өз пікіріңмен бөліс.
• Өзің бос уақытыңда қандай істермен айналысасың?
• Аңыздан қандай ой түйдің?
(Оқушыларды топқа бөлу. Аңыздағы тірек сөздерді, негізгі ойды топта ақылдаса отырып, жазады.)
Тірек сөздермен жұмыс.
Тірек сөздерді қатыстырып сөйлем құрау. Әр сөйлем ішіндегі бір сөзді сөз құрамына талдау.
Бағалау дескрипторы:
- негізгі ойды анықтай алады;
- дәптерге қатесіз, сауатты жазады.
(МК; Ө, Т; Қ) Оқылым.
3.2.4.1; 3.1.7.1 5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Мұғалім өлеңді оқиды. Топтық жұмыс ұйымдастырылады.
Оқушыларға өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін айту ұсынылады.
• Өлеңде қандай бала суреттелген деп ойлайсың?
• Ол жексенбі күні неліктен ауырып қалмады? Ойыңды бөліс.
Кейіпкер туралы өз пікіріңді айт.
Оқушылар топта өлеңде қандай бала суреттелгенін айтып, өз ойларымен бөліседі. Өлең кейіпкері туралы өз пікірлерін айтып, сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.
Әр топ стикерлерге кейіпкер туралы көзқарастарын жазып, постер құрастырады.
«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша рефлексия жасайды.
(Ұ; Ө; Қ) Сөздікпен жұмыс.
• Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.
«Дүйсенбі», «сейсенбі», «сәрсенбі», «бейсенбі», «сенбі», «жексенбі» сөздерінің айтылуы мен жазылуын салыстыр және жаз.
Бағалау дескрипторы:
- негізгі ойды анықтайды;
- қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады, қатесіз жазылуын қадағалайды;
- баланың іс әрекеттеріне баға береді;
Сергіту сәті. «Күн, жер, су» ойыны.
«Күн» дегенде қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді.
«Жер» дегенде бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды.
«Су» дегенде қолдарымен толқынды бейнелейді.
3.1.7.1, 3.3.5.1 (Т, Ж; Ұ) 6-жаттығу. Кестемен жұмыс.
Оқушылар топқа бөлініп, кестені берілген үлгіге сүйеніп толықтырады. Топта идея алмасып, ой бөліседі.
Ұл бала Қыз бала
Дүйсенбек Жұмагүл
• Дүйсенбек, Жұмагүл деп ат қою себебі неде деп ойлайсың?
Әр топтан бір оқушыдан шығып, ат қоюдың себебін, нақты дәлелдемелер келтіріп, айтады. Топта жазған адам аттарының қатесіз жазылуына мән береді, өзара тексереді. Қате болса түзетеді.
Бағалау дескрипторы:
- қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады, емлесін сақтап жазады;
- сөздердің қатесіз жазылуын тексеріп, қатесі болса, түзетеді.
3.1.7.1 (Ө; Ж; Қ) Шығармашылық үзіліс, 8-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. (Шешуі: аптаның жеті күні). Оқушылар сызбадағы апта күндерін атап, сол күндері не істегенің әңгімелейді. Өзара бағалау.
Бағалау дескрипторы:
- қарамен жазылған сөздерге назар аударып, олардың айтылуы
мен жазылуын салыстырады;
- қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады, емлесін сақтап жазады.
3.1.7.1, 3.3.5.1 (Ж, Ж) Саралау. «Қате болса, тауып көр» әдісі..
Мақсаты: Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтуға дағдыландыру.
Маханбет, түнеугүні, жексембі, бүрсікүні, бейсенбі, жаздыгүні, күздігүні, қыстыкүні, Қартпағамбет, Сәндігүл.
(Оқушылар тапсырманы жұпта орындап, бірін-бірі тексереді, қатесін түзетеді.)
Бағалау дескрипторы:
- қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап
айтады;
- берілген сөздердің қателерін түзетеді. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 883



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?