№15-сабақ Уақыт әлеміне саяхат (3 сынып, II тоқсан )

 №15-сабақ Уақыт әлеміне саяхат (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Тақырыбы: №15-сабақ Уақыт әлеміне саяхат
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
• жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды
• сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
• мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді болжайды;
Оқушылардың көбі жасай алады:
• тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
• сызбада берілген мәліметтер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
• сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
• кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі
шапшаң жазады
• жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Сабақ барысы: Психологиялық ахуал. «Ақ тілек»
-Көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Керемет! (қолдарын көтеру)
-Сабаққа дайынсыңдар ма?
-Тамаша!
-Ендеше бастайық.
О-о-о (бас бармақтарын көрсету)
Миға шабуыл (Ұ.)
«Алдын-ала берілген атаулар»
Жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрау.
Сағат, минут, сабақ, секунд, жыл, мектеп, ай, жыл, күн, ғасыр, үй
Бүгін біз «Уақыт әлеміне саяхат» жасаймыз.Ендеше уақыт туралы ақпарат аламыз.
3.1.2.1 1-тапсырма «Суреттер сөйлейді» әдісі
(Ұ) Суретте қай кезең бейнеленгенін шамамен анықтау. Сурет детальдерін талқылау.
-Суретте нені көріп тұрсың?
-Бұл қай кезеңді суреттейді деп ойлайсың? Неліктен?
-Бүгінгі күнмен салыстырғанда қандай айырмашылықтар байқадың?
-Сурет несімен ұнады?
Дескриптор:
-суреттегі кезеңді анықтайды
-сурет детальдарын сұраққа жауап беру арқылы талқылайды
Қ.Б: мадақтау сөздері арқылы ынталандыру
Саралау: күрделі дереккөздермен қабілеті жоғары оқушылардың жұмыс жасай алуын саралау
3.3.4.1 2-тапсырма «Борт журналы» әдісі
(Ж.Ж) Уақыт мәшинесімен саяхат жасау. Жоғарыдағы суреттер бойынша «Саяхатшы журналын» толтыру.
Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? Суреттен (мәтіннен)қандай жаңалық туралы білдім?
«Саяхатшы журналын» таныстыру. Не көріп, сезініп, естіп тұрғаны жайлы ой бөлісу.
Дескриптор:
-журналды толтырады
-журналдарын таныстырады
-ой бөліседі
Қ.Б: жұптар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды
Саралау: күрделі тапсырманы орындауда көмек қажет ететін оқушыларға қолдау жасау
3-тапсырма Топтарды үш түрлі түстер арқылы біріктіру(қызыл,сары,жасыл)
«Стоп- кадр» әдісі (Т,Ж) Саяхаттың көрінісін бейнелеу. «Стоп-кадрда» бейнеленген көрініске қатысты сұрақтар қою арқылы болатын әңгімеге қосылу. «Астанаға саяхат»
1-топ
2-топ
3-топ
Әр суретке сұрақтар қою.
-Астананың бұрынғы кезі қалай бейнеленген?
-Астананың қазіргі кезі қалай бейнеленген?
-Уақыттың өте келе қалаға өзгеріс беруі неліктен?
-Үлкен қаланы көркейтуге қанша уақыт кетті?
Дескриптор:
-суреттерді талдайды
-сұрақтар қояды
Қ.Б: мадақтау арқылы
3.3.4.1 4-тапсырма (Ұ,Т) «Жарнама» әдісі. Саяхатқа шақыру мақсатында постер жасау. Топта талқылау. Топ жұмысын таныстыру.Әр топ саяхатқа шақыру қағазын жарнамалау.
Дескриптор:
-постер даайындайды
-шақыру қағазын жарнамалайды
Қ.Б: «Бутерброд» әдісі арқылы топтар бір-біріне кері байланыс береді
3.3.5.1 5-тапсырма «Шақыру билеті»
(Ө,Қ) Саяхатқа шақыру мақсатында жазба жұмысын орындау. Өзін-өзі тексеру. Қатемен жұмыс.Сынып оқушыларымен шақыру қағазын жазуға қойылатын талаптар белгіленеді.
• Құрметті сөзімен қаратылып айтылатын тіркестің болуы;
• Шақырудың себебін немесе мақсатын көрсетуі;
• Өтетін орны мен уақытының белгіленуі;
• Мәтіннің ең соңғы сөзінің шақырамын деп аяқталуы;
• Шақырушы аты-жөнінің көрсетілуі.
Дескриптор:
-шақыру қағазын жазады
-өзін-өзі тексереді
-қатемен жұмыс жасайды
Қ.Б: смайлик арқылы ынталандыру
Саралау:
кейбір оқушылардың басқа сыныптастарына қарағанда жылдам орындауын бақыла ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 439



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?