№ 12- сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )

 № 12- сабақ Жалаң және жайылма сөйлем (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: № 12- сабақ Жалаң және жайылма сөйлем
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.4.2.8 мұғалімнің қолдауымен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
үлгі негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады;
мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардың көбі:
тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
сөйлем сызбасы негізінде жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады;
жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардың кейбірі:
сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, құрастырады;
жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңбері» тренингі
Мен досымды сүйемін,
Мен әлемді сүйемін.
Жақсы оқушы боламын,
Қазақ тілін үйреніп,
Еркін сөйлей аламын.
Топқа бөлу
І топ Тәулік
ІІ топ Сағат
ІІІ топ Минут
І V топ Секунд
Сұрақ ( топ оқушыларына қойылады)
- Бір тәулікте неше сағат бар?
- Бір сағатта неше минут бар?
- Бір минутта неше секунд бар?
- Бір жылда неше ай бар?
«Қар кесегі» әдісі
Алдыңғы сабақта өткен жалаң және жайылма сөйлем туралы ақ қағазға бір сұрақтан жазады. Ортаға шығып шеңбер құрады. Сұрақ жазылған қағаздарын умаждап шеңбер ортасына лақтырады. Оқушылар ортаға түскен сұрақтарды алып, шеттен бастап жауап береді.Сұрақтар төмендегідей болуы мүмкін.
1. Жай сөйлем дегеніміз не?
2. Жайылма сөйлем деген не?
3. Жалаң сөйлемге мысал келтір
4. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
5. Жайылма сөйлемге мысал келтір
6. Тұрлаулы мүшелерді ата. т.б
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
ІІІ. 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
Мәтіннің тақырыбын оқы. Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін? Берілген тақырып пен суреттің көмегімен мәтін құрастыр.
Айлакер қарға
Тапсырма «Бортты журнал» әдісі арқылы орындалады.
Оқушылар бұл тапсырманы жұптасып орындайды. Сұрақтарға жауап береді. Сурет бойынша өз ойларын айтады. Алдымен кестенің болжам жағын толтырып алады. Суретте берілген қарға туралы бұрыннан не білетінін жазады. Журналдың екі жағын салыстыра отырып, ақпаратты қосады. Жазғандарын сыныпта талдайды.
Болжам Жаңа ақпарат
Қарға қорек талғамайды. Отырықшы құс. Тұмсығы төмен иілген. Қулық жасауға бейім. Бұл туралы енді не білемін? Қандай сәттерді анықтадым?
Қарға нені көрді? Ол не істеді?
Қарға неге ойланып отыр ? Ары қарай не болуы мүмкін?
Қарға не істеді? Ары қарай не болуы мүмкін?
Бір уақытта не жауа бастады? Не болуы мүмкін?
Бұршақ не істей бастады? Оқиға немен аяқталуы мүмкін деп ойлайсың?
Ары қарай қарға қандай әрекет істеуі мүмкін?
Дескриптор:
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- мәтін құрастыра алады;
Сергіту сәті
« Шұғыл есте сақтау» ойыны
Тақтада жазулы тұрған сөздерді оқып, тез жаттап, есте сақтайды. Жаттаған сөздерін шапшаң айтып беру керек.
Ай, жұлдыз, апта, дүйсенбі, жұма, ғасыр,жыл, сағат
ІV. 3.4.2.8 мұғалімнің қолдауымен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату;
V. 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету;
1.Мәтіннен жайылма сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз.
Тапсырма «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы жүргізіледі.Оқушы жеке орындайды, содан кейін жұбымен жазғанын 2-3 минут талқылайды, өзара жұмыстарын тексереді. Мұғалім екі-үш жұпқа өз жазғандарын оқып беруін сұрауына болады.
2.Семантикалық картаны толтыр.
Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.
Сөйлемдер Жалаң сөйлем+- Жайылма сөйлем+-
Кеше нөсер жауған.
Түн салқын.
Атам жазды жайлауда өткізді.
Киік- дала аңы.
Нан пісті.
3.Салыстыр
Жалаң және жайылма сөйлемдерді салыстыр. Ұқсастығы мен айырмашылығын жаз.Бұл тапсырма «Галерияны шарлау» әдісі арқылы тексеріледі. Оқушылар жеке, жұппен, топта жұмыс жасайды.Жұмыстарын тақтаға іледі. Оқушылар стикерлер арқылы жұмыстарын бағалап кетеді.
Венн диаграммасы
Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
Дескриптор:
- жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратады;
-сөйлем құрастыра алады;
-сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 467



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?