Әңгімелеу мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )

 Әңгімелеу мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Жанды табиғат
Тақырыбы: Әңгімелеу мәтінін құрастырайық
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
-үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың көбі:
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
-сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
-сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады.
Сабақ барысы: (Т) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар 1,2,3,4 сандарын айту арқылы топқа бөлінеді.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
-Қаратпа сөз деген не?
-Қаратпа сөз сөйлем ішінде қалай ажыратылады?
-Сөйлем айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін ата?
-Қаратпа сөзі бар сөйлемдер айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түріне жатады?
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
(Т)3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.
1.Мұғалім әр топқа бір мәтіннен береді. Тапсырма бойынша мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқып, қаратпа сөздерді табу қажет. Қаратпа сөзі бар сөйлемдер айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түріне жататынын ажыратады. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, рөлге бөліп оқиды. Сұрақтарға жауап береді.
2. Топтағы әр оқушыға үш сөйлемнен береді, бірақ топтағы барлық оқушылардың тапсырмалары бірдей. Тапсырма бойынша оқушылар көп нүктенің орнына қаратпа сөзді қою қажет. Алдымен оқушылар жеке орындайды. Содан соң ортақ бір пікірге келіп, әр сөйлемге бір қаратпа сөзден қояды.
Қабілеті жоғары оқушыларға сөйлемдер беріледі. Сөйлем ішінен қаратпа сөзді тауып, тиісті тыныс белгісін қояды.
3. Оқушылар Қаратпа сөз туралы білімдерін қорыту үшін «Фрайер» моделін құрады. Мұнда қаратпа сөздің қысқаша мазмұнын анықтайды, мысалдармен көрсетеді, ерекшеліктеріне тоқталып, жаңа идея ұсынады.
Дескриптор:
-мәтіннен қаратпа сөздерді анықтайды;
- көп нүктенің орнына қаратпа сөзді қояды;
- сөйлемдегі қаратпа сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.
- қаратпа сөз туралы жаңа идея ұсынады.
Сергіту сәті. Оқушылар қимыл жаттығуларын жасайды.
Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір
Бір анда, бір мұнда, Өзінді өзін айнала.
Бас аяқты топ,топ, Шапалақтап хоп,хоп
Бір анда бір мұнда,Өзінді өзін айнала
Басымызды иеміз,би билейміз күлеміз,
Бір анда бір мұнда, Өзінді өзін айнала.
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Мұғалім оқушылардың назарын суретке аудрады.
- Суретке мұқият қараймыз. Мәтіннің тақырыбын оқимыз (Күтпеген олжа).
- Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін?
- Мәтін құру үшін нені ескеру керек?
- Мәтіннің қай түріне жатады?
Тапсырма.Берілген тақырып пен суреттерді пайдаланып мәтін құрастыру қажет. Оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұрақтардың жауабын топта талқылайды.
1. Әңгіменің басы. Оқиға неден басталды?
2. Әңгіменің ортасы. Оқиға қалай жалғасты? Олар не туралы сөйлесті?
3. Әңгіменің соңы. Оқиға немен аяқталды деп ойлайсың?
«Басымдылық пирамидасы» әдісі бойынша тапсырманы орындайды. Тапсырма бойынша сызбаны қолдана отырып, әңгімелеу мәтінін құрады. Қаратпа сөздерді дұрыс қолдану және қаратпа сөздің тыныс белгілеріне мән беру қажеттігі ескертіледі.
Мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушылар сұрақтарды басшылыққа алады.
1. Бұл қай мезгіл?
2. Мысық пен ит қайда келді?
3. Олар қайтті?
4. Мысық пен ит не туралы сөйлесті?
5. Оқиға қалай аяқталуы мүмкін?
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: балық аулау, тұнық көл, қарап отыру, қармақ салу, жем шаншу, қармақ тастау, іліну, ашулану, олжа
Дескриптор:
- мәтіннің мазмұнын болжайды;
- тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- сөздерді мағынасына сәйкес қолданады;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды;
- қаратпа сөздерді қолданады;
-сөйлемдегі қаратпа сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды;
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;
- бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтайды;
- сөздерді, әріптерді үзбей, көлбеу жазады;
- әріптердің дұрыс байланысын көрсетеді. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 002



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?