Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын (2 сынып, III тоқсан )

 Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы: Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын

Оқу мақсаттары: 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
Сабақ мақсаттары: Тыңдалған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілейді;
Тыңдалған материал бойынша алған ақпаратын мазмұндай алады;
Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, қызықты ақпаратымен бөліседі.
Сабақ барысы: (Ұ) Бейнежазба «Спорт түрлері».
- Балалар, бейнежазбадан қандай спорт түрлерін көрдік?
- спортпен айналысудың қандай пайдасы бар?
-Балалар, біз жаңа не көрдік?
- Қалай ойлайсыңдар, бүгін біз сабақта не туралы әңгімелесетін боламыз?
Сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру.
(Ұ, МК)Телехабар көру.3.07 мин бастап
-Оқушылар спорт хабарын тамашалайды.
- түсінбеген сөздерін белгілейді;
Телехабар бойынша мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.
(Ж) «Сен маған, мен саған»
Оқушылар бір-біріне телехабардан алған ақпараттарын айтады.
Сөздік жұмыс жүргізіледі.
(Ұ) Сұрақ-жауап
-Телехабар не туралы болды?
- Телехабарды көре отырып қандай ақпарат алдың?
- Досыңнан қандай қызықты ақпарат алдың?
(Ж, Ұ)мәтін мазмұнын болжау
-Балалар, тақтада не жазылып тұр?
/мәтін тақырыбы мен тірек сөздер/
-Біз қазір мәтін оқимыз.Қалай ойлайсыңдар мәтін не туралы болмақ?
/оқушылар өз көзқарастарын айтады/
(Ө) Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді мұғалім оқиды, оқушылар түсінбеген сөздерді белгілейді.
2. (Ж) мәтін мазмұны бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.
(Ұ)мәтін мазмұны бойынша сұрақ жауап жүргізіледі.
-Мәтін не туралы?
- Қандай қызықты ақпарарт алдық?
- Мәтін мазмұны бойынша өзімізге не түйдік?
Бағалау критерийі:
1. Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздерге қарап, мәтін мазмұнын болжау-1;
2. Бір-бірінің көзқарасын тыңдау-1;
3. Қызықты ақпарат табу, өмірмен байланыстыру-1.
Әрбір дұрыс жауапқа 1 баллдан қойылады.
Жоғарғы балл саны-3 балл.
(Ө,Қ)Дәптермен жұмыс
1. Мақалдың жалғасын тап
Денсаулық-............................................
Дені саудың -.........................................
2. Мақалды қатыстырып сөйлем құра.
_______________________________________
Бағалау критерийі:
• Мақалдың жалғасын табады-1;
• Мақал мағынасына ашып, сөйлем құрастырады-1;
Жоғары балл саны -2 балл........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 057



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?