Дереккөздермен жұмыс Сөздік анықтамалық энциклопедия кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау Ескерткіштер (2 сынып, II тоқсан )

 Дереккөздермен жұмыс Сөздік анықтамалық энциклопедия кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау Ескерткіштер (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің туған өлкем
Сабақ тақырыбы: Дереккөздермен жұмыс. Сөздік, анықтамалық, энциклопедия, кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау.Ескерткіштер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.2.9.1 Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу.
Сабақ мақсаттары: Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Армысың, ару Күн!
Армысың, жақсы дос!
Бос өтпей әрбір күн
Білімге білім қос!
/оқушылар бір-бірімен амандасады/
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
(МК, Т). Кел, сөйлесейік
Сұлу ғимараттар Бас қала
Астана Еліміздің астанасы
Гүлденген қала
Бәйтерек
Сенат үйі Мәжіліс үйі Үкімет үйі
Астана ( картадан орналасқан орнын көрсету )
Есіл өзенінің жағалауы Темір жол вокзалы
Әуежай Үш би
Парламент үйі
Еуразия университеті
Бәйтерек
Нұр астана мешіті
Оқиық
Өлеңді мәнерлеп оқу
Сарыарқа төсінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала – Бас қала,
Астана өсуде.
Астана тарихы ескерткіштер арқылы мәңгілікке жазылып жатыр
«Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда» дегендей, Астана астана болғанда, Арқаға Ақорда тігілгенде Ақмоланың айналасы алақандағыдай ғана жер еді.
Осы орайда Астананың әр күнін, әр сәтін, әр айын көнекөз тарихтың қойнауына жетелейтін басты ерекшелік бар. Ол – ескерткіштер тарихы.
Астана – қазақ мәдениетінің, қазақ ескерткіш өнерінің жауһары. Оған осы 19 жылда бой көтерген 50 жуық өнер туындысының, тарих қатпарынан жеткен куәгер келбеттердің жиынтығы айғақ.
Бүгінде Астанада мемлекеттік тізімге енген Республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштер саны - 46, тарихи-мәдени құндылығы анықталған және болашақта ескерткіштер қатарын толықтыратын объектілердің саны - 37, археологиялық ескерткіштер саны -12. Құрылыс шекарасы күннен-күнге кеңейіп отырған жаңа қала-астанада археологиялық ескерткіштерді қорғау аймақтарымен бірге сақтап қалу жолындағы іс-шаралар ерлікпен тепе-тең болды десек қателеспеспіз.
Астанадан бұрын, ел тәуелсіздігімен түйдей құрдас мәңгілік бейненің бірі – С.Сейфуллин ескерткіші. Осыдан жиырма бес жыл бұрын қалада ұлт тарихына байланысты жалғыз С.Сейфуллиннің ескерткіші тұрды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Астанада Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің монументі (2001 ж.) бой көтерді.
2002 жылы жас және сұлу Астананың өзіне арналған «Астана» мүсіні ашылды. «Астана» мүсіндік композициясы - ұлттық киім киген, қолында домбыра ұстаған жас қазақ қыздың бейнесінде орындалған.
2007 жылы «Бөгенбай батыр» қоры XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын қорғауда қамал бұзар қайратымен ерекшеленген батыр, әрі дана елші Қанжығалы Бөгенбай ескерткішін орнатты.
Оқушымен кері байланыс. Не қиын, не жеңіл болды?
Сабақтың мақсатына оралу, осы мақсаттты орындай алдық па?......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 684



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?