Татулық таптырмас байлық (2 сынып, I тоқсан)

 Татулық таптырмас байлық (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақтың тақырыбы: Мәтін тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтау. Мәтіннің жоспарын құру.Татулық таптырмас байлық.
Оқу мақсаты: 2.2.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтау
Сабақтың мақсаттары: Мәтін тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтауды үйрету.
Сабақ барысы: Блиц турнир ұйымдастыру
-Мәтін дегеніміз не?
-Мәтін түріне қарай нешеге бөлінеді?
-Мәтін түрлерін ата
- Мәтін неше бөліктен тұрады т.б.
Сабақтың мақсатын хабарлау
(Т) Берілген мәтінді оқи, топта талдай, негізгі ойын анықтап, ат қою.
1топқа
Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті. Олардың біреуі әлсіз, ауру екен. Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап, жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді. Ауру, әлсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды. Ол жерге етпетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен. Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп, дыбысы білінбеген соң, жөніне кетеді.
Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп,ауру досынан:
- Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті?- депті.
- Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді,- деп досы жауап беріпті.
2 топқа.
Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді.
- Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?
- Қолым тимеді, ағай!
- Не істедің?
- Үй шаруасымен айналыстым.
- Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
- Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр.
- Мұғалім аяғандай болды.
- Отыра ғой,шырағым!- деді.
Ертеңіне Мұрат Оқуға келмей қалды. Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық. Әбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып отынын тасып бердік. Аттарына, сиырларына шөп салыстық.
3 топқа:
Асан ата-анасымен бірге Алматыға қайтып барады. Содан кейін жылдағы әдетінше Асанға қараған. – Бұйымтайың болса, айта отыр, балам! - Ата,- деді Асан ерекше іш тартып, әрі қысылған қалыппен. «Көзі неткен сұғанақ еді»,- деп айып ете көрмеңіз-ші! Сіздердің «Алтын тойларыңыздан» тәбәрік әкетсем деп едім. Айтсам бар ғой. Көп сыйлықтың ішінен бір көк жейде ұнап қалды. - Үйбәй-ау, қалағаның сол болса, несін аяймыз. - Киімім көп, әзір кимеспін,- деп сандыққа салып тастаған көк жейдені атасы тауып әкеліп тұр. Тура Қазақстанның көк байрағы секілді көркем жейде көзге ерекше көріне ме, қалай ? Осыны атамды сағынғанда иіскеп, күтіп кисем,-деді Асан. Жиналып отырған туысқандар да сол сәт үнсіздік танытты. Әркім өз ойымен әуре. -Еліме, Жеріме адал қызмет етемін,- деп, ант беріп, көк байрақты сүйген Елбасының келбеті Асанның көз алдынан көлбеңдеді. Тізерлеп тұрып, Жалауға тағзым еткен жас сардарлар көкейінен кетер ме?! - Ту желбіресе, көңілім көтеріледі!- дейтінін қайтерсің қарындасы Айнұрға. Расында да қалада жүргенде қалада жүргенде қашанда кеңселердің төбесіндегі көк байрақты көргенде қатты қуанушы еді. Қазір де сол, көк жейдеге сүйсіне қарап қалды. - Тәуелсіздікті қорғайтын ұрпақ біздерміз ғой. Туған өлкені, Сіздерді өте жақсы көремін. Атамның көкпеңбек жейдесіне терең құрметпен қарайтыным анық. Асан жейдені кеудесіне басты...
(МК) Мәтінді оқып танысқаннан кейін, мазмұны бойынша сұрақтар қоюды тапсырыңыз. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарды оқушылар бір – біріне қояды. «Бауыржан Момышұлының
өміріндегі маңызды оқиғаларға байланысты хронология жасауды ұсыну
Бауыржан Момышұлы
Ұшқан ұя
... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып, баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да, құлағыма: «Аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда» деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып:
-Ассалаумағалейкүм, аталар! – деп, әр сөзді қадап-қадап айттым. Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. Өйткені мені араз етіп алмау үшін бәрі де бірауыздан «Алейкүмсалам!» десті.
Содан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып, мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сөйтеді» дейтін.
Әкем маған ата-тегіміздің аты - жөнін үйретуші еді.
-Мен Момыштың ұлымын.
-Момыш кімнің баласы?
-Момыш - Имаштың баласы.
Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады.
Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Содан соң мені жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін.
Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.
(МК; Ұ; Қ) Шығарманың мазмұны бойынша сұрақ қою және сұраққа толық жауап беру кезінде «Бір қадам артқа» стратегиясымен оқушылардан шығарма мазмұнын түсінуін бір-біріне сұрақ қою арқылы анықтайды. Негізгі ойды анықтау. Шығарма желісі бойынша сұрақтар дайындау.
Оқушылар шығарманың мазмұны бойынша бір – біріне сұрақтар қояды. Мысалы, Момыш кімнің баласы?
«Бір қадам артқа» стратегиясы: оқушылар оқыған шығарма мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды. Дұрыс жауап берген оқушы бір қадам артқа шығады.
Сұрақтар:
1. Ауыл ақсақалдары қонаққа кімнің үйіне келді?
2. Бала Бауыржан неліктен ұялды?
3. Бала Бауыржан өз қатесін қалай жөндеді?
4. Ауыл ақсақалдары бала әрекетін қалай бағалады?
Қалыптастырушы бағалау ұйымдастырылады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 929



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?