Әлемдегі атақты адамдар №11 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 Әлемдегі атақты адамдар №11 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы: Әлемдегі атақты адамдар №11
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мәтіннің мазмұнын мұғалімнің қолдауымен түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
мәтіннің негізгі ойын тірек сөздер арқылы анықтайды.
Оқушылардың кейбірі:
мәтіннің негізгі ойын анықтайды, мазмұнын өз сөзімен айтады.
Сабақ барысы: «Шаттық шеңберіне» шақыру:
Шеңбердегі оқушылар бір, екі деп екі топқа бөлінеді
Ой шақыру:
(Т) «Суретке қара, сөйле»
Инфографика әдісі бойынша оқушылар суреттегі бейнеге қатысты ақпаратты жинақтайды, тірек сөздермен белгілейді. Топ мүшелері тірек сөздерді қолданып таныстырылым жасайды.
- Ол қалай киінген?
- Ол қандай адам?
- Ол немен айналысқан?
- Суретте кім бейнеленген?
Чарли Чаплин
- костюм, қалпақ, таяқ, шағын мұрты
- күлкілі
- комедия актеры
Сабақтың тақырыбын болжату
«Әлемдегі атақты адамдар»
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
• мәтіннің мазмұнын түсінемін;
• мәтіннің негізгі ойын анықтаймын.
Мағынаны тану
(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Өмір – тіршілік
қалай? – сұрақ
Дамыту жолдары:
1. сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
2. сөздерді синоним немесе мағынасы жақын сөздер келтіріп түсіндіру;
3. сөздермен сөйлемдер ойластыру;
4. дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
5. сөздерді дауыстап айтқызу.
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын.
Тақтада «Қалай?» сұрағы жазылады. Оқушылар жұптасып сұрақ және жауап ойластырады. Мысалдар қайталанбас үшін, әр жұпқа арнайы тақырып таратылады.
Мысалы, танысу: Сенің атың қалай? Менің атым Жанар.
1. қал-жағдайын сұрау
2. барар жолды сұрау
3. болған оқиғаны сұрау
4. бір нәрсені анықтау
5. көшенің атауын сұрау
6. денсаулығын сұрау
1-тапсырма
(Ұ) Мәтінді түсініп оқы. Сөздерді тіркестір.
(Оқушылар мәтінді жеке оқып шығады. Оқылым барысында түсінбеген сөздерді түртіп отырады. Оқып болған соң, түсінбеген сөздер талқыланады. Мұғалім оқушының түсінігін Мәтін не туралы? деп тексере алады)
Чарли Чаплин – англияның әйгілі киноактеры. Оның өмірі кино саласында өткен. Сол замандарда фильмдер дыбыссыз болатын. Халық қалай оны түсіне білген? Чарли түрлі қимылдар мен күлкілі мимикалар көрсетіп түсіндірген. Ол үстіне тар костюм мен кең шалбар, аяғына үлкен аяқ киім, басына дөңгелек қалпақ киген. Қолына бамбук таяқ ұстап, халықты күлдірткен. Чарли пантомиманың шебері болған.
1 әйгілі А) аяқ киім 4 қалпақ В) шебері
2 дыбыссыз Ә) кино 5 бамбук Г) киген
3 үлкен Б) киноактер 6 пантомимия Ғ) таяқ
Тексер: 1-Б 2-Ә 3-А 4-Г 5-Ғ 6-В
Бағала: «6» - 100%, «5» - 83%, «4» - 67%, «3» - 50%....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 994



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?