Ерте ұйықтаймын №2 (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

 Ерте ұйықтаймын №2 (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Ерте ұйықтаймын №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.3.1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.4.3.1 өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің көмегімен таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.
Оқушылардың кейбірі:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді, еркін қолданады.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбері:
Күнім күліп арайлы,
Тереземнен қарайды.
Достарыммен шеңберге,
Тұрғанымды қалайды.
Шеңберде тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. Мысалы: Сен бүгін көңілдісің! Бүгінгі сабақ сәтті өтсін!
Жаңа сабақты ашу
«Алдын-ала берілген атаулар» әдісі
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды.
Мысалы: кеш, ұйқы, жуыну, тазалау, төсек , жатамын.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және
мақсатымен таныстыру.
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту:
Ерте, кеш
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Сөйлемдер құрастыру.
5. Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады.
(Ұ) Жазылым. «Сөйлемді аяқта» ойыны.
Мұғалім балаларға сөйлемді аяқтауды ұсынады.
Біз .... жаттығу жасаймыз
Кешкі асты.... ішеміз.
Біз .... ұйықтаймыз . - таңертең.
- кешке.
- түнде.
(Ж) Айтылым. 4-тапсырма. (Сұхбаттасына қарсы сұрақ қойып, немесе
«иә, мен де ұйқыдан ерте тұрамын» деген сияқты ойды толықтыру элементтерінен үлгі беріп, мақсатқа сәйкестендіру керек).
Дескриптор:
- сұрақты орынды қояды.
- сұраққа нақты жауап береді....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 103



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?