Мектепке бару бағытын құрастыру (1 сынып,2 бөлім )

 Мектепке бару бағытын құрастыру (1 сынып,2 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақ тақырыбы: Мектепке бару бағытын құрастыру
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Рр әрпімен және дыбысымен танысу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөздерді буынға бөледі, сөзден сөйлем құрайды.
Көптеген оқушылар: Мәтінді тұтас оқиды. Кей сөйлемдердің мағынасын түсінеді
Кейбір оқушылар: Мәтінді тұтас оқып, мазмұндай алады.
Сабақ барысы: Таңғы шеңбер
Орнымыздан тұрамыз
Үлкен шеңбер құрамыз.
Қазақ тілі ұнайды
Қара, тыңда, орында
Кейін сенен сұрайды.(қимылмен көрсету)
Бүгінгі күнге барлықтарыңа сәттілік тілеймін.
Хормен оқу
Өлеңді бірнеше рет қайталау арқылы оқушыларға қосылып хормен айтуға мүмкіндік беру
Мектепке келдім,
Оқушы болдым.
Тәртіпті баламын
Оқып, білім аламын
-Өлең не жайлы? Мен қайда келдім? Мен кім болдым? Қандай бала боламын? Не үшін мектепке келдім?
-Бүгінгі сабақ мектеп тақырыбына байланысты. Біз енді үйден мектепке дейінгі жолды суреттейміз. Бағытын құрастырамыз.
1Ұ) Өлең оқу
«Жетпіс пен жеті» өлеңін оқу. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қою. Түсінгендерін әңгімелету.
2. Ж) Сызба бойынша жұмыс
Оқушылар үйден өздері сызып келген мектепке келу бағыты бойынша жұпта бір-біріне әңгімелеп береді, топта талқылайды. Оқушылар үйден шыққаннан бастап жүрген жолдарын (сызба, белгі, символдар арқылы, оң жақта, сол жақта кездесетін нысандарды нақтылау) жазады. Мүмкіндігінше түрлі жолдармен жүру.
Сергіту сәті
Көңілді сергіту жаттығулары
3. Жаңылтпаш оқу, қайталату.
- Ара, ара, аралар
Гүлдерден сорып бал алар
Алысқа ұшып бара алар
Бал тәтті ғой балалар.
- Жаңылтпаш не жайында? – Аралар
- Ара сөзінде бізге таныс емес қай әріп?
- Ендеше бүгін Р әрпімен және дыбысымен танысамыз
Бейнекөрініс «Рр әрпі»
1. Р дыбысының дауыссыз дыбыс екенін айту
2. Р дыбысынан басталатын және р дыбысы келетін сөздер ойлату. Буынға бөлу. Сөздің қай жерінде кездесетінін анықтау.
3. Сөздермен сөйлемдер құрастыру
4.Дәптермен жұмыс
1.Рр әрпін жазу
2. Ара сөзін буынға бөліп жазу.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 892



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?