Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» (үзінді) (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

 Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» (үзінді) (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы.
Сабақтың тақырыбы: Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» (үзінді)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.ТБ1.7.Септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
• Сөз таптары. Шылау туралы түсінікті қалыптастыру
Көптеген оқушылар:
• Септеулік шылаулардың қызметін білу
Кейбір оқушылар:
• Септеулік шылауларды ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту
Оқушылардың алдарына суреттер мен сөздер таратылады.
Берілген сөздерді суреттермен байланыстыра отырып сөйлем құрайды. Сөздердің ішіндегі шылаулар басқа түспен беріледі
.... ҚАЛА... ОҚУ ҮШІН КЕЛДІ.
... МЕКТЕП... ҚАРАЙ АЯҢДАДЫ.
... МҰҒАЛІМ... БІРГЕ САБАҚ... ДАЙЫНДАЛДЫ.
... АНАСЫ... ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ.
Құрылған сөйлемдердегі басқа түспен берілген сөздің не өзгешелігі бары оқушылардан сұралады. Өз пікірлерін білдірген соң шылау туралы түсінік беріледі.
Мұғалім таныстырылымы: «Қазақ тіліндегі сөз табы -шылау».
ШЫЛАУ
ДЕМЕУЛІК
ЖАЛҒАУЛЫҚ
СЕПТЕУЛІК
Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т. б.) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады.
Мысалы: Ол қалаға оқу үшін келді. Аян мектепке қарай аяңдады.(Мұғалім нақтырақ түсіндіріп кетеді).
Септеулік шылаулар мьналар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, тәрізді, дейін, шейін, қарай, таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін т. б. Олар септеуліктер деп те аталады.
Септеулік шылаулар сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады. Біріншісі — түбір я белгілі септік (барыс, шығыс, көмектес) тұлғадағы зат есім, есімдік я заттанған сөздермен (сын есім есімше, тұйық етістік т. б.) тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге сабақтастыра байланыстырады.
1. Түбір (кейде көптік, тәуелдік) тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер; арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты т. б.
2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта т. б.
3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі т. б.
4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: қатар, қабат, бірге....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 451



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?