Уақыт мақал-мәтелдерде №1 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

 Уақыт мақал-мәтелдерде №1 (7 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Уақыт - ұлы күш.
Сабақтың тақырыбы: Уақыт мақал-мәтелдерде №1
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу
7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы
• Мақалдағы және суреттегі мазмұн сәйкес келеді.
• Сахналанған көрініс мазмұны анық, рөлде жақсы ойнады;
Оқушылардың көпшілігі
• Мақалдағы және суреттегі идея негізінен келеді.
• Сахналанған көрініс идеясы анық, тәрбиелік мәні бар;
Оқушылардың кейбірі
• Мақалдағы және суреттегі идея толық сәйкес келеді.
• Сахналанған көрініс өмірмен байланысты.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Уақыт тақырыбына қатысты суреттердің мазмұнын ашады.
Мұғалім: «Бүгінгі сабақта керісінше жұмыс жасаймыз, мақалдың мәнін түсініп, сурет және сахналанған көрініс арқылы береміз».
Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен танысады.
1-тапсырма.
Топқа бөліну. Мақал қағаздарға жазылып, бөліктерге қиылады. Оқушылар бір қағаздан алып, мақалдардың бөліктерін біріктіруге тырысады. Өздерінің нұсқаларын тексеру үшін тақтаға шығарылған толық нұсқасымен сәйкестендіреді.
• Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
• Елу жылда ел жаңа.
• Уақыт керуеніне бөгет жоқ.
• Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.
• Жан жарасына уақыт емші.
• Жыл деген ат басын бұрғанша,
Ай деген аунап тұрғанша.
• Әрнәрсе уақытымен қызықты.
• Басталған ай – туралған ет.
• Уақыт – алтын.
• Әр гүлдің иісі өз уақытында аңқиды.
2-тапсырма. Мақалды оқыңыз.
• Мақалдың мазмұнын, астарлы мәнін топта талқылаңыз,
• Мәмілеге келіп, мақалдың астарлы мәнін суретке салыңыз, өмірден мысал тауып, сахналанған көрініс дайындаңыз.
• Басқа топтарға өз суретіңізді және сахналанған көрінісіңізді көрсетіңіз.
• Сұрақтарға жауап беріңіз.
3-тапсырма. Кері байланыс.
Жетістік критерийлері бойынша топқа кері байланыс беріңіз. Әр топ 2 минут сөйлейді.
Жетістік критерийлері
• Сурет мақал идеясын ашады;
• Мақалдың мәні өмірден келтірілген мысалға сәйкес келеді.
• Сахналанған көрініс түсінікті, анық болды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 213



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?