Су-тіршілік көзі 2 (5 сынып, II тоқсан, 2 бөлім )

 Су-тіршілік көзі 2 (5 сынып, II тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы:Су-тіршілік көзі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:5.А4.Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.
Сабақ мақсаты: Mәтін мазмұны бойынша шағын жоспар құрады, мәтінді оқушыларға бірнеше рет мазмұндау арқылы айтылым дағдысы дамиды, сөздерді есте сақтауға мүмкіндік алады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
«Бес қадам»
Өз еркімен тақтаға 4 оқушы шығады. Мұғалім тарапынан қойылған сұраққа әр оқушы табандарды жылдам баса отырып, 5 түрлі жауап айтуы керек.
1. Су қандай күйлерде болады?
2. Суды адам не үшін пайдаланады?
3. Судың адам ағзасына қандай пайдасы бар?
4. Суға қатысты 5 жаңа сөзді атаңыз.
Ой шақыру сұрақтары: 4 мин.
Балалар, қалай ойлайсыздар, адам су ішпесе, оның салдары қандай?
Егер әлемде ауыз су жетіспесе, оның салдары қандай болады?
Мұғалім оқушылардың жауаптарын тақтаға кластер ретінде түсіріп жазып тұрады.
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы, оқу мақсаты және сабақ мақсатымен таныстырады.
Бағалау критерийімен таныстырады. 3 минут
Айтылымалды тапсырмасы
Сөздікпен жұмыс 5 минут.
Әр оқушыға сөздер мен сөз тіркестері таратылады. Мұғалім жаңа сөздермен түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Сөз Сөз тіркесімділік
БҰҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы
құбыр су құбырлары
көшу көше бастайды
экспорт су экспорты
Бекер,тектен-текке, босқа бекер алаңдамау, уайымдамау
салдары судың жетіспеушілігі салдарынан, кесірінен
Айтылымалды тапсырмасы 2
Мәтінді оқып, мазмұн бойынша жоспар құрыңыз.
8 минут.
Мәтін
Халықаралық зерттеушілер 2030 жылдары планета тұрғындарының 47 пайызына тұщы су жетіспеушілігі болатынын айтады.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Муннің: «Әлем тұщы су үшін соғыс жағдайына жақындады» деген сөзі қауіп-қатердің мәнін байқатады. Ұйымның Бас хатшысы бекер алаңдамайды. Оны халықаралық сарапшылардың зерттеулері де дәлелдей түседі. БҰҰ сарапшыларының зерттеулеріне қарағанда, 2020 жылдан кейін әлемнің 22 ірі мега¬полисі құбырлар арқылы келетін тазартыл¬ған судың жетіспеушілігіне ұшырайды. Әсіресе Африка мен Қытай елдерінде қатты білінетін болады. Соның салдарынан Африка халқы Еуропаға көше бастайды екен. 2025 жылы әлемдік нарықта су экспорты халықаралық бизнеске жол ашады. Ғаламшардағы су тапшылығы мәселесі суды қайталап пайдалану технологиясын жасауға әкеледі . Ауыз судың бағасы мұнай бағасынан да бірнеше есе қымбат болады. Бұл болашақта күрделі мәселеге айналып, ауызсу үшін болатын соғыстарға әкелуі мүмкін.
Жоспар.
Кіріспе бөлім. ____________________________
Негізгі бөлім. ____________________________
Қорытынды бөлім. ________________________
Айтылым тапсырмасы. «Ішкі және сыртқы шеңбер»
6 мин
Жоспарыңыз бойынша мәтін мазмұнын жұбыңызға баяндаңыз.
Оқушылар сынып ортысында ішкі және сыртқы шеңберге бөлініп тұрады. Әр оқушыға 2 минут уақыт беріледі.
Ішкі шеңбердегі оқушылар сыртық шеңбердегі оқушыға жоспары бойынша мәтінді мазмұндайды. Одан кейін сыртық шеңбердегі оқушы ішкі шеңбердегі оқушыға мазмұндайды. Сағат тілімен бір қадамға ауысып, келесі жұпта да осы әдіс жалғасады. Оқушы мәтінді 3оқушыға мазмұндау керек.
Кері байланыс. 5 минут
Мен қандай жаңа сөздер үйрендім?
Қандай тапсырма түрі маған пайдалырақ болды? Неге?.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 079



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?