Судың адам өміріндегі маңызы (5 сынып, II тоқсан, 2 бөлім )

 Судың адам өміріндегі маңызы (5 сынып, II тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы:Судың адам өміріндегі маңызы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау
Сабақ мақсаты: Тыңдалым мәтінінің мазмұнымен байланысты жаңа сөздермен танысады. Мәтінді мұқият тыңдау барысында тірек сөздерді анықтайды. Тірек сөздер бойынша мәтінге ат қояды.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
Оқушылар интерактивті тақтада (активстудио) берілген сөздерді адам өміріндегі маңыздылығына қарай ретпен орналастырады.
Ұсынылатын сөздер: тамақ, ұйқы, су, киім, жұмыс, байлық
Ой шақыру сұрақтары:
Суды неліктен ең маңызды деп санайсыздар?
Суды не үшін қолданамыз?
(Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Мұғалім қажеттілікке қарай басқа оқушыларға қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы жауаптарын толықтырады. Тақтада кластер сызылып, мұғалім оқушы пікірлерін негізінде кластерді толтырып жазып тұрады.)
Оқушылар жауаптары негізінде сабақ тақырыбына болжау жасайды.
Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.
Бағалау критерийімен таныстырады. 3 минут
Тыңдалымалды тапсырмасы
Сөздікпен жұмыс. 8 минут
Тыңдалым мәтінінде кездесетін жаңа сөздермен жұмыста мұғалім тақтадан әр сөзді синонимімен немесе мағынасымен және сурет негізінде көрсетеді. Әр оқушыға сөздік таратылады. Жаңа сөздермен танысқаннан кейін мұғалім суреттерді ғана көрсету арқылы жаңа сөздерді қайталатады.
Сөз Сурет
тіршілік, өмір
ауыз су, тұщы су
мұздық
температураны тұрақтандырады, бір қалыпта ұстайды
тасымалдау, жеткізу
бүйрек
бауыр
қалдық
жарақаттану, жаралану
ылғалдандыру
бұлшық ет
су жетіспеушілігі
Тыңдалым мәтіні
Су- тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді.
Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - деп жазады. Мысалы, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, ұйқыны реттейді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті көтереді. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғап, теріні ылғалдандырып, емдейді.
Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал, денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді мұқият 2 рет тыңдаңыз. Мәтіндегі маңызды тірек сөздер жазылған тамшыларды анықтап, түрлі –түсті қарындашпен бояңыз. 5+5 минут
Оқушылар тірек сөздерді тақтадағы дұрыс нұсқасымен тексереді. 2 минут
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Тірек сөздердің көмегімен мәтінге ат қойыңыз. 2 минут
Жұбыңызға мәтінге неліктен ондай тақырып бергеніңізді түсіндіріңіз. Әр оқушыға 1 минуттан. 2 минут
Тақтадан жауап беруге қатысты өз оралымы көрсетіледі.
Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.
Мұғалім кейбір оқушылардан жұбының мәтінге қойған тақырыбы туралы сұрап, жауап алады. 3 минут.
Мысалы: Айнұр, сіздің жұбыңыз .............. мәтініне қандай ат қойды және неге?
Мұғалім оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийіне еске түсіртеді. Тақтадан шығарып қояды.
Кері байланыс. 3 минут
Сізге бүгінгі тапсырмалардың қайсысы қызықты болды? Неге?
Екі тапсырманың қайсысы қиынырақ болды? Неге?....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 282



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?