Ауруханаға бару (2-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы:Ауруханаға бару (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.4.1 мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім / не туралы екенін түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың не туралы екенін түсінеді.
Көптеген оқушылар: тыңдаған материалдың не туралы екенін түсінеді.
Кейбір оқушылар: тыңдаған материалдың не туралы екенін толықтай түсінеді.
Сабақ барысы: (МК) Қызығушылықты ояту. «Шаттық шеңбері».
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
(МК) «Мен білемін!» Оқушылар берілген суреттер бойынша сөйлемдер айтады. Тәуелдік жалғаудың дұрыс қолданылуына назар аударылады.
Тапсырманың мақсаты – тақырыпқа қатысты сөздерді еске түсіру, тәуелдік жалғауды қолдану дағдысын қалыптастыру.
(МК) «Суреттер сөйлейді» Оқушылар берілген суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырып көреді.
(Ө) «Тыңда, біл». Оқушылар шағын мәтінді тыңдап, тапсырмалар орындайды.
Бір күні Айдар суық су ішеді. Айдардың тамағы ауырады. Айдар анасымен ауруханаға барады. Дәрігер Айдарды емдейді және дәрі жазып береді. Айдар дәрі ішеді. Енді Айдардың тамағы ауырмайды.
1-тапсырма. Мәтін бойынша дұрыс/ бұрыс сөйлемдерді анықта.
Сөйлемдер + / -
Айдардың тамағы ауырады.
Айдар ауруханаға әкесімен барады.
Дәрігер дәрі жазып береді.
2-тапсырма. Мәтінге сәйкес келетін суретті тап.
Дескриптор:
• мәтінге сәйкес келетін сөйлемдерді анықтайды;
• мәтінге сәйкес келмейтін сөйлемді анықтайды;
• мәтінге сәйкес келетін суретті анықтайды.
Сергіту сәті. «Аяқпенен топ-топ-топ» әнін айтып, қимылдар жасайды.
Аяқпенен топ – топ – топ,
Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп.
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға
Ойнайықшы кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?