Ертегі елінде «Шалқан» ертегісін мазмұндау (1 сынып, 6 бөлім )

 Ертегі елінде «Шалқан» ертегісін мазмұндау (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Ертегі елінде: «Шалқан» ертегісін мазмұндау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру
1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді
2.1 Сөз көлемі және сөздік қор құрамының саналуандығы
1.2.1.1 Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.
3.1 Зейін қойып оқу
1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
4.1 Әртүрлі стильде жазу
1.4.1.1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Таныс сөздерді қолдану арқылы сұраққа жауап береді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды.
Көбі: Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Кейбірі: Жаңа сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды, сұраққа жауап береді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсіндіре алады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(К) Бұл бөлімде «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» тақырыбы аясында тапсырмалар орындайтындарын түсіндіріп, енді әңгімелерді өз сөздерімен мазмұндап үйренетіндіктерін айту.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
Кезең 1 Оқылым.
Мұғалім өзі «Шалқан» ертегісін іс-қимылды қосып, қарапайым тілмен мазмұндап береді.
Ерте ерте ертеде... бір кемпір мен шал болыпты. Олардың қызы, иті, мысығы және тышқаны болыпты. Бірде шал шалқан отырғызады. Күн шығады. Жаңбыр жауады.. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.
Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.
Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды тарта алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды тарта алмайды.
Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды жұлып алады.
Соңында, шал, оның кемпірі, қызы, иті мысығы және тышқан шалқаннан жасалған дәмді сорпаны ішеді.
(Ұ) Сыныпқа ертегіні бірнеше рет қайталап мазмұндату. Қажетті дауыс мәнері мен жоспарлы іс-қимыл көмегімен мазмұндау. Оқушылар көбірек айтқан сайын, азырақ сөйлеу.
(Ж) Ертегілерді мазмұндауы үшін оқушылардан жұптық жұмыс тобын қүрғанда, қабілеттері әртүрлі оқушыларды бірге қою.
Оқушыларға ертегінің мәтінін оқыту.
Шалқан
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды. Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.
(ҚБ) Сұрақтарға жауап беру:
1. Баяғы заманда кімдер өмір сүріпті?
2. Олардың нелері бар?
3. Шал не отырғызды?
4. Шал шалқанды не істеді?
5. Шал кімді көмекке шақырды?
6. Кемпір кімді көмекке шақырды?
7. Немере қызы нені шақырды?
8. Ит нені шақырды?
9. Мысық нені шақырды?
10. Тышқан келгенде не болды?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 264



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?