Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мақсұд)
Бір Алла, бергеніңе сансыз шүкір,
Қалған жоқ зал болып қылған пікір.
Бітірдім «Түрік, қазақ шежіресін»,
Болса да кемшілікті, қисық-бүкір.
Елім-ау, неге ерініп тек жатасың,
Ғылымға бір кіріссең дән татасың.
Қалжың емес, қам үшін жаздым мұны,
Білсін деп кейінгілер түп атасын.
Атаны атағанмен білім артпас,
Сөйтсе де білген адам құры жатпас.
«Қыбырлаған қиыннан шығар» деген,
Қозғалмасаң, қолыңнан кісі тартпас.
Жазғанда мақсатым көп менің тағы –
Қазақтың қараңғы еді артқы жағы.
Мұны оқып ата жөнін білген қазақ,
Артыман дұға қылсын дедім-дағы.
Құр шежіре демеңіз мұның өзін,
Ойлаңыз ғибрат алып әрбір сөзін.
Берекелі күн қандай, бұ күн қандай,
Соған салып қараңыз ақыл көзін.
Бұрынғы бір кісідей тату жандар,
Билеген талай елді есті хандар.
Көре алмай бірін-бір күндеймін деп,
Не болды соның арты, байқасаңдар.
Құлақ сал алаңдамай анық сөзге,
Кім кейін, кім ілгері көрер көзге.
Артыңды оқып, алдыңа көз жіберсең,
Ел бар ма есер, епсіз бізден өзге
Қалған жоқ зал болып қылған пікір.
Бітірдім «Түрік, қазақ шежіресін»,
Болса да кемшілікті, қисық-бүкір.
Елім-ау, неге ерініп тек жатасың,
Ғылымға бір кіріссең дән татасың.
Қалжың емес, қам үшін жаздым мұны,
Білсін деп кейінгілер түп атасын.
Атаны атағанмен білім артпас,
Сөйтсе де білген адам құры жатпас.
«Қыбырлаған қиыннан шығар» деген,
Қозғалмасаң, қолыңнан кісі тартпас.
Жазғанда мақсатым көп менің тағы –
Қазақтың қараңғы еді артқы жағы.
Мұны оқып ата жөнін білген қазақ,
Артыман дұға қылсын дедім-дағы.
Құр шежіре демеңіз мұның өзін,
Ойлаңыз ғибрат алып әрбір сөзін.
Берекелі күн қандай, бұ күн қандай,
Соған салып қараңыз ақыл көзін.
Бұрынғы бір кісідей тату жандар,
Билеген талай елді есті хандар.
Көре алмай бірін-бір күндеймін деп,
Не болды соның арты, байқасаңдар.
Құлақ сал алаңдамай анық сөзге,
Кім кейін, кім ілгері көрер көзге.
Артыңды оқып, алдыңа көз жіберсең,
Ел бар ма есер, епсіз бізден өзге
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?