Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тауық неге шақырар сағат сайын)
Тауық неге шақырар сағат сайын,
Дей ме уақыт өткенiн ұқтырайын.
Кейде зарлы дауыспен ит ұлиды,
Бiлемiсiң, қылып тұр ненi уайым?
Гүлдi көрсе, мұңлы әнмен бұлбұл сайрап,
Айтып тұр ма баянсыз өмiр жайын.
Таң бозарса, аспанда құйқылжытып,
Әндi неге салады бозторғайың?
Ғылымдылар тексерiп көрдi ме екен,
Әлемнiң қиын сырлы осындайын.
Ақылым соның сырын тап деп отыр,
Десем де ой жетпестi мен қумайын.
Саламын сасқанымнан ой жотаға,
Қыла алмай айуан тiлiн тiптi пайым.
Бос сайрап, текке ұлиды дейiн десем,
Ол дәлелсiз екенi ойға дайын.
Әрине, мұнда бiр сыр болса керек,
Деймiн де шешу таппай алақтайым.
Әншейiн керексiздi өлең қылып,
Дегем жоқ ермек қылып, бос ойнайын.
Бұл да бiр жаралыстың қиын сыры,
Деп едiм бiлгендерден сыр сұрайын.
Ешкiм жауап бермесе бұл сөзiме,
Өзiмнiң ой жотамды ендi айтайын:
Айуанда да ақыл бар адамдайын,
Десең, ойлан ондайдан сыр табайын.
Көңiл көзiн аш-тағы ақылға сал,
Құр құлақпен тыңдама, қалқатайым.
Олар деп тұр: «Oйға алып бiр Құдайын,
Зор құдiретiн әлемге ұқтырайын».
Құлшылық, намазы мен иманы сол,
Күнде бiр, айында бiр, сағат сайын.
Демейдi: «Босқа ұлып, тек сайрайын»,
Деп тұр ол: «Зор Тәңiрiсiн сипаттайын».
Нәпсi көзiн байлаған адамзаттан,
Айуан артық сезедi өмiр жайын.
Суыр неге қазады таудың сайын,
Жаз жиып, қыстық азық қылар дайын.
Қыс болса, шала өлерiн қайдан бiлдi,
Дедi ме: «Азық жастап бiр ұйықтайын».
Сондай өмiр келерiн сезiп тұрған,
Жан сыры ғой, сiздерге байқатайын.
Жаңа туған жас қозы тамақ iздеп,
Енесiнiң емшегiн тапқандайын.
Ұядан ұшқан үйрек бiздi алдайды,
Далбырлап қанат қирап жатқандайын.
Жайын аңдар үйiрге қарамайды,
Есептемей туатын мезгiлдi айын.
Қысты жердiң қояны күздi күнi,
Дей ме: «Әдейi қардай боп ағарайын».
Көгалдағы шегiртке жасыл болып,
Көрдiң бе қырдағысы қоңырқайын.
Осылар өзiн-өзi жаратты ма,
«Жауымнан түсiммен,– деп,– құтылайын».
Осындай тағдыр сырын қуа берсең,
Түпсiз терең, сондықтан тоқтатайын.
Ғылымда мұны соқыр сезiм дейдi,
Мұны айтқан ғылым соқыр, өлдә, оңбайын.
Меңiреуден мақсұт, бiлiм шығады деп,
Бүтiн әлем айтса да, мен нанбайым
Дей ме уақыт өткенiн ұқтырайын.
Кейде зарлы дауыспен ит ұлиды,
Бiлемiсiң, қылып тұр ненi уайым?
Гүлдi көрсе, мұңлы әнмен бұлбұл сайрап,
Айтып тұр ма баянсыз өмiр жайын.
Таң бозарса, аспанда құйқылжытып,
Әндi неге салады бозторғайың?
Ғылымдылар тексерiп көрдi ме екен,
Әлемнiң қиын сырлы осындайын.
Ақылым соның сырын тап деп отыр,
Десем де ой жетпестi мен қумайын.
Саламын сасқанымнан ой жотаға,
Қыла алмай айуан тiлiн тiптi пайым.
Бос сайрап, текке ұлиды дейiн десем,
Ол дәлелсiз екенi ойға дайын.
Әрине, мұнда бiр сыр болса керек,
Деймiн де шешу таппай алақтайым.
Әншейiн керексiздi өлең қылып,
Дегем жоқ ермек қылып, бос ойнайын.
Бұл да бiр жаралыстың қиын сыры,
Деп едiм бiлгендерден сыр сұрайын.
Ешкiм жауап бермесе бұл сөзiме,
Өзiмнiң ой жотамды ендi айтайын:
Айуанда да ақыл бар адамдайын,
Десең, ойлан ондайдан сыр табайын.
Көңiл көзiн аш-тағы ақылға сал,
Құр құлақпен тыңдама, қалқатайым.
Олар деп тұр: «Oйға алып бiр Құдайын,
Зор құдiретiн әлемге ұқтырайын».
Құлшылық, намазы мен иманы сол,
Күнде бiр, айында бiр, сағат сайын.
Демейдi: «Босқа ұлып, тек сайрайын»,
Деп тұр ол: «Зор Тәңiрiсiн сипаттайын».
Нәпсi көзiн байлаған адамзаттан,
Айуан артық сезедi өмiр жайын.
Суыр неге қазады таудың сайын,
Жаз жиып, қыстық азық қылар дайын.
Қыс болса, шала өлерiн қайдан бiлдi,
Дедi ме: «Азық жастап бiр ұйықтайын».
Сондай өмiр келерiн сезiп тұрған,
Жан сыры ғой, сiздерге байқатайын.
Жаңа туған жас қозы тамақ iздеп,
Енесiнiң емшегiн тапқандайын.
Ұядан ұшқан үйрек бiздi алдайды,
Далбырлап қанат қирап жатқандайын.
Жайын аңдар үйiрге қарамайды,
Есептемей туатын мезгiлдi айын.
Қысты жердiң қояны күздi күнi,
Дей ме: «Әдейi қардай боп ағарайын».
Көгалдағы шегiртке жасыл болып,
Көрдiң бе қырдағысы қоңырқайын.
Осылар өзiн-өзi жаратты ма,
«Жауымнан түсiммен,– деп,– құтылайын».
Осындай тағдыр сырын қуа берсең,
Түпсiз терең, сондықтан тоқтатайын.
Ғылымда мұны соқыр сезiм дейдi,
Мұны айтқан ғылым соқыр, өлдә, оңбайын.
Меңiреуден мақсұт, бiлiм шығады деп,
Бүтiн әлем айтса да, мен нанбайым
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?