Махамбет Өтемісұлы (Аймәдет ер Доспамбет ағаның оқ тигенде айтқаны)
Арғымаққа оқ тиді,
Қыл майқанның түбінен.
Аймәдетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынына.
Зырлап аққан қара қан,
Тыйылмайды жонның уақ тамырдан.
Сақ етер тиді саныма,
Сақсырым толды қаныма.
Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара аузына қан қатты.
Жарақшылар жоқ па екен?
Жармай білте саларға,
Жағдайсыз жаман қалып барамын,
Жанымда бір туғанның жоғынан
Қыл майқанның түбінен.
Аймәдетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынына.
Зырлап аққан қара қан,
Тыйылмайды жонның уақ тамырдан.
Сақ етер тиді саныма,
Сақсырым толды қаныма.
Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара аузына қан қатты.
Жарақшылар жоқ па екен?
Жармай білте саларға,
Жағдайсыз жаман қалып барамын,
Жанымда бір туғанның жоғынан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?