Қадыр Мырза Али (Әрине сен қолдамайсың мұнымды)

 Қадыр Мырза Али (Әрине сен қолдамайсың мұнымды)

Әрине, сен қолдамайсың мұнымды,
Әйтсе де мен айтып тынам шынымды:
Өксіп-өксіп,
Өксіп-өксіп жыласаң,
Көздің жасы шаяр еді мұңыңды.
Қытығыңа тиген кезде ғашығың,
Күтіп жүрмей күннің шуақ, ашығын.
Айтып-айтып,
Айтып-айтып, тастасаң,
Су сепкендей басылар ед ашуың.
Мәнсіз тірлік ауру қылар сауыңды,
Мен бұзғалы отырғам жоқ қауымды
Періп-періп,
Періп-періп жіберсең,
Бір төбелес шешер еді дауыңды.
Солай-ау деп,
Ұстарадай жалаңдар
Інілер бар,
Ағалар бар,
Адам бар.
Бірақ, бірақ
Кейін туған пітнә
Ұстамдылық,
Сабырлылық деген бар.
Өтсін дер ем
Өміріңнің гүл айы —
Балалығың
Балалыққа лайық.
Бала кезде тәрбиелеп ер елің,
Жігіттікке бір-ақ секір дер едім.
Өтсін және
Өміріңнің бал айы —
Жігіттігің
Жігіттікке лайық.
Жігіт кезде
Тамырланып терегің,
Бір-ақ сүй де,
Бір-ақ үйлен дер едім!
Өтсін сосын
Өміріңнің дана айы —
Кемел жасың
Кемел жасқа лайық.
Жел ұшырмай жапырағың бірін
Жемісіңнің қызығын көр тіріңде.
Кетпе өмірден —
(Тыңда тату бажаңды) —
Цейтнотқа отырғызбай Ажалды

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?