Қадыр Мырза Али (Ауылдастар арасында)

 Қадыр Мырза Али (Ауылдастар арасында)

Ақын болдың маңдайыңа бақ дарып,
Абыроймен жүрсін, оны атқарып,
Деп ауылдың адамдары
Көңілге
Келгендерін айтып жатыр ақтарып.

Біреу сүйіп, біреу өтер қызғанып.
Байсалды бол,
Өсірмейді қызбалық.
Сыналып та жүрсің,
Сынға төзіп бақ,
Сенің қалай жазатының бізге анық!

Құдай берген қабілет бар бойыңда,
Соны сақтау керектігін мойында.
Ауылға кел,
Болсын біздің мойында
Көлігің де,
Сауының да,
Қойың да!

Қымыз, шұбат — құзырыңа сол көмек.
Күнге күйіп,
Түсу керек көлге көп.
Қан жоқ, сел жоқ,
Тастаған ба оқу жеп,
Айналайын, дем алсаңшы елге кеп!

Түтін жұтып көкірегің қарайса,
Тас қалада қалмақшысың, қалайша?!
Екі бөлме үй бола ма?
Ауылдан
Берейік бір он бөлмелі сарай сап!

Ақын болдың маңдайыңа бақ дарып,
Абыроймен жүрсің оны атқарып,
Деп ауылдың адамдары
Көңілге
Келгендерін айтып жатыр ақтарып.

Бауырмалға мол-ay, шіркін, ел іші!
Беріп жатыр батасы мен қол ұшын.
Өзіңді өзің аямасаң егерде,
Елің сені аяйды екен сол үшін!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?