Күләш Ахметова (Самайым ерте ағарды)

 Күләш Ахметова (Самайым ерте ағарды)

Самайым неге ағарды білесің бе?
Жүректің тірлік үшін күресінде,
Кем болды қуаныштар үлесімде,
Құлазытқан күндерім жүр есімде.
Шаттығым да санаулы, жеңісім де,
Келе алмадым көбіңмен келісімге.
Түн-теңізден інжу-сөз іздеймін деп,
Көз ілмегем сен үшін, ел үшін мен.
Шаш ағарса несі бар? Төзесің де.
Себебі көп, әрине, сезесің бе?
Көзім жеткен биікке өзім жетпей
Жүрегімнің жылаған кезі есімде.
Қуанамын шат біреу кездессе кеп,
Бұл сезімді біреулер сезбес те көп.
"Жедел жәрдем" асығып бара жатса,
Алаңдаймын ауруға тез жетсе деп.
Сәл нәрседен көңіліме мұз қатады,
Сәл нәрсе үшін құлаймын құзға тағы.
Сәл нәрседен жүдейтін жүрегімді
Дүниенің бар мұңы сыздатады.
Жігер іздеп сөзден де, жанардан да,
Ұмтыламын қол созып тағы арманға.
Алатауға жасымнан көп қарап ем,
Самайым ерте ағарса — ағарған да

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?